«Сот кабинетінде» криптовалюта «майнингі” туралы жалған ақпарат жарияланған.  Бұл туралы ҚР Жоғарғы соты ресми мәлімдедме жасады.
Анонимді телеграм-арнада “Сот кабинеті» сот органының қызметімен байланысты серверде криптовалюта «майнингі” туралы жалған ақпарат жарияланған.
Осыған орай, «Сот кабинеті» сервисінің серверлері «ҰАТ» АҚ-да орналасқанын, серверлерге тікелей қатысы жоқтығын, қолжетімділік тек қашықтан қосылу арқылы жүзеге асырылатынын хабарлаймыз.
Сонымен қатар, жарияланымда көрсетілген 195.12.114.3 сыртқы мекенжайы бар сервер-прокси сервер болып табылады, оған Сот кабинеті орналастырылмаған.
«Сот кабинетінің» 192.*.*.5 негізгі серверінде Интернетке тікелей кіру мүмкіндігі жоқ және сәйкесінше, оған “майнинг” физикалық тұрғыдан мүмкін емес.
Түнгі уақытта сервер жұмысының бәсеңдеуі «Ақпараттандыру туралы» Заңның талаптарына сәйкес жүргізілетін деректердің сақталуы және жоғалуының алдын алу мақсатында деректердің сақтық көшірмесін жасауға байланысты.
Бұл операциялар жүйенің өзіне жүктемені айтарлықтай арттырады.
Тек ресми дереккөздерге сенулеріңізді сұраймыз.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?