Судья Турабай Болатбек Алтынбекұлы

Баласы құрметтемеген ананың құқықтарын сот қорғады.  Өкінішке орый бүгінгі таңда өз ата-анасына құрмет көрсетудің орнына қорлық көрсететін перзенттерде бар. Алайда ата-аналардың баласына мейрімін, бар болмысын беріп мәпелеп өсіргені мен, өкініштен өзегі өртеніп, заңмен құқық қорқорғау саласына жүгінуге мәжбүр болып жапа шегіп жатқаны жанға батады.

Бүгін  Түлкібас аудандық сотында «Е» есімді азаматқа қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі судья Болатбек Турабай қарап, қаулы қабылдады.

Құқық бұзушы «Е» алкогольді масаю халінде өзінің туған анасына сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеп, қорлап тиіскені сот барысында анықталған және  құқық бұзушы  өзінің жасаған әрекетін мойындап, істеген әрекеті үшін кешірім сұрады.

Жәбірленуші ретінде құқықбузушының анасы сотта, өз баласы үнемі мас халде үйіне келіп, тыныштық бермей, былапыт сөйлеп, қорлап тиіскенін, баласына кешірім бермейтінін, оған қатысты  заңды шара көруді сұрайтынын айтып жеткізді.

Түлкібас аудандық сотының судьясы Турабай Болатбек Алтынбекұлы,  құқық бұзушы «Е»-ні  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып , анасын балағаттағаны үшін 5 (бес) тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу туралы қаулы етті.

Түркістан облысы

Сардар Әбдіжақия

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?