Қазақстан азаматы Шымкенттегі дәмханалардың бірінде жалған АҚШ долларын сатпақ болған. Бұл туралы ҚР Қаржы мониторинг агенттігі мәлімдеді.
Аталған факті бойынша қылмыстық істі ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті тергеді.

Аталған азамат 100 долларлық банкноттармен 1900 АҚШ доллары көлеміндегі жалған ақшаны сатқан кезде қылмыс үстінде ұсталды.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, нәтижесінде сот Шымкент тұрғынын кінәлі деп танып, 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды сақтық танытып, қолма-қол ақшаны мұқият санауға шақырады.
 Егер сіз жалған ақша тапсаңыз, ең бастысы, оны сатуға тырыспаңыз. Ақшаңызды қайтаруға ниеті ҚР ҚК 231-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғуы мүмкін.
Егер жалған банкнот қолыңызға түссе, дереу ҚР ҚМА 8(7172) 70-84-78 сенім телефонына хабарласу қажет.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?