Бүйрегін сатуға заңсыз мәмілеге оқталғаны үшін сотталды. Бұл туралы Ақмола облысы соттары мәлімдеме жасады.
 Ақтөбе қаласының 25 жастағы тұрғыны «К.» бүйрегін сату бойынша заңсыз мәміле жасауға оқталған (ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 116 бабының 1-бөлігі).
 Ер азамат әлеуметтік желіде шарттық баға бойынша өзінің ішкі органын сату туралы хабарландыру жариялаған. Полиция қызметкерлерімен ерікті түрде жәрдемдескен тұлға қылмыстық әрекетті имитациялау барысында сатып алушы болып, «К.»-мен мәміле жасауға келіскен. Заңсыз мәміле жасау кезінде «К.» ұсталған.
 Қылмыстық іс сотталушымен кінәсін мойындау туралы процестік келісіммен сотқа түсті.
 Сот жазаны тағайындауда кінәлінің шын жүректен өкінуін жеңілдететін мән-жай ретінде, сондай-ақ ауырлататын мән-жайлардың болмауын есепке алды.
 Сот үкімімен «К.»-ға шартты түрде 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталғанға пробациялық бақылау белгіленді.
 Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Ақмола облысы
Көкшетау қалалық соты

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?