БІЗДІҢ ЕЛДЕ ҚАЙДАҒЫ LRT?
ҚТЖ-ның пойыздары тозғанба деп ойласам, сол пойыз жүретін жолдарда тозған сияқты ғой.
Сонда миллиардтаған теңгенің жүктерді жеткізетін, мыңдаған адам тасымалдайтын пойыздың жолдарын жөндеуге ақша бөлмегенбе?
Мейлі пойызды уайымдамай-ақ қоялық. Ал пойыз өтіп жатқан көпір астындағы көліктердегі адамдардың өміріне қауіп төндірдік деп ойламайма, әлде қауіп төніп, адам шығыны болғаннан кейін оянарма екенсіздер?
Бұл Шымкент қаласынан Түркістан облысы Ақсукентке баратын жолдағы өткел Үкімет басшылары!
LRT СОҚПАЙ-АҚ ПОЙЫЗДЫҢ ЖОЛДАРЫН ЖӨНДЕП АЛАЙЫҚШЫ?!- деп бейнежазба жариялады Сардар Әбдіжақия
«2024 жылғы 3 наурызда сағат 16:15-те Қызылсай – Манкент аралығының Арыс – Түлкібас учаскесінде теміржол көпірі қоршауына бекітілген баннер салмағынан автомобиль жолының жүріс бөлігіне қоршау құлады. Құрбан болғандар мен жапа шеккендер жоқ.
Орын алған жағдай теміржол қозғалысына әсер еткен жоқ, пойыздар қауіпсіздігіне қауіп төнбеді. Жолдардағы пойыздар қозғалысы тоқтаған жоқ.
20 минуттан кейін келген көпір бригадасы автожолдың жүріс бөлігін қоршау сынықтарынан тазартты. Қазіргі уақытта құрылым жиектерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.»- деп мәлімдеді Қазақстан темір жолы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?