Сот іскерлік беделді қорғау туралы талап қоюды қанағаттандырусыз қалдырды. Бұл туралы Астана соттары facebook парақшасында жарияланды.
 4 наурызда Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотымен «S.» ЖШС-нің С.-ға, «Total Media Qazaqstan» ЖШС-не, «Toтал.kz» ақпараттық агенттігіне қатысты іскерлік беделді қорғау, залалды өтеу туралы талап қоюы бойынша азаматтық іс қаралды.
Талапкер интернет-ресурсындағы «Кто положил себе в карман 840 миллионов тенге Смагулов обратился к Мусину» атты мақалада талапкердің қызметі туралы шындыққа жанаспайтын және оның іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер жарияланғанын атап өтті.
Басылым «S.» ЖШС сыбайлас жемқорлық қылмыстарға қатыса отырып, тауарларға бағаны көтеру жолымен мемлекеттік ақшаны ұрлаумен айналысатындай етіп ұсынылған. Салдарынан «H.» ЖШС-нің «S.» ЖШС-мен одан әрі ынтымақтастықтан бас тартуына әкеліп соқты деп көрсеткен.
Сот сарапшысының қорытындысына сәйкес, «S.» ЖШС-нің іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер жоқ, өйткені жарияланымдардағы ақпарат болжамды түрде айтылған және бұл мәліметтер бағалау сипатында.
Іске қатысты және жол берілетін дәлелдемелермен жоғалған пайда түрінде залал келтіру расталмады, сот шешімі болжамға негізделмеуі тиіс.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты сот шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?