Шымкент қаласында орналасқан колония- қоныс — №56 мекемесінде жазасын өтеушілер  қырық –елу адамға бір ғана орындық дәретхана қарастырылғаны, яғни, сотталған азаматтардың осы мәселеде үлкен қиыншылық көріп отырғаны туралы, «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігіне  шағымдар келуде.

ҚАЖД – ның жұмысы – ҚР Қылмыстық-Атқару Кодексі. Мұнда адамдардың қадір –қасиетін кемсітетін амалдарға тиым салынған. Бейшара болып, дәрет қысса да, кезекте тұрған адамдардың легі, азабы мен жанайқайы нағыз қадір-қасиетті кемсітуші, адам рухын қорлаушы фактор емес пе?

Бұл ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құрамын деп отырған «Әділетті Қазақстан» принциптеріне, «еститін мемлекет» қағидатына еш сай келмейді десек қате болмас. Әлде Қылмыстық атқару жүйесінде немесе сот үкімінде жазаны тағацйындау барысында, дәретханаға кезекке тұрып, дәрет сындыруда азапталсын деп шешім қабылданғанба?

Мекеме басшылары ҚАЖД рұқсат бермейді дейдіміс…

Ал дәрет қысып, туалет таба алмау- бүл денсаулыққа едәуір зиян екенін айтпаса да түсінесіздер деп ойлаймын құрметті оқырман, үкімет басшылары.

Мемлекетіміз – африкалық аш-жалаңаш елдердің қатарында емес, дүниеге сыйлы, зайырлы мемлекет ретінде, міндеттемелерін орындайтын жауапты субъект ретінде танылғанын ешкім жоққа шығармайтыны анық.

Ал Шымкент қаласы және Түркістан облысы  ҚАЖД-і сол баяғы Москваның  адамды жек көру, адамды кемсітіп, оның адами рухын түгелімен жаншу саясатын ұстанып отырған сияқтысыздар. Әйтпесе, туалет жетпесе, бұл төтенше жағдай емес пе, ал төтенше жағдай үшін қаралған арнайы қаражат бар емес пе?

Сіздер адами рухты жаншушы емес, Кодексте айтылғандай, адамды жазалай отыра, зайырлы қоғамның толыққанды азаматы ретінде қайта тәрбиелеуші едік десеңіздер, онда төтенше жағдай ретімен аталмыш мекемеде туалет жетіспеушілігін шұғыл түрде жойып, адамдардың Конституциядағы құқықтарын таптамай, дәретхана мәселесін шұғыл түрде шешіп берулеріңізді сұраймын.

Аталған уәж бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен Бас Прокуратура және ҚР Ішкі істер министрлігіне сұраныс жолданды, жауабын күтейік, не дер екен…?

Сардар Әбдіжақия

Шымкент қаласы

сурет шартты

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?