«ӨзенМұнайГаз» АҚ директорының орынбасары сотталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат ақпарат агенттігі жариялады, Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 Ақтау қалалық сотында «ӨзенМұнайГаз» АҚ директорының орынбасары К-ға қатысты қылмыстық іс тергеу органымен,  салғырттық салдарынан ауыр зардаптарға әкеп соққаны жөнінде  ҚР ҚК 371-бабының 2-бөлігі және аса ірі мөлшерде заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтірген деп ҚР ҚК 365-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы мен айыппен  қаралып үкім оқылды.
 Сот  барысында сотталушы К., «ӨМГ» АҚ директорының мұнай және газ өндіру жөніндегі орынбасары, сонымен қатар аталған кәсіпорынның конкурстық комиссиясының төрағасы бола тұра, бұрғылау жұмыстарына тендер өткізу кезінде ол белгілі бір компанияның мүддесін қорғап, басқа компанияға зиян келтірген.
Сотталушы К. «К» ЖШС жеңімпаз деп танылған 2023 жылғы 20 наурыздағы тендер қорытындылары туралы хаттаманың күшін жоймай, 2023 жылғы 29 наурызда дәл сол лоттар бойынша тендер өткізу туралы заңсыз шешім қабылдаған.
К. өз әрекетінің заңсыздығын түсініп, «А» ЖШС-нің өтініші әлеуетті өнім берушілердің талаптарына сәйкес келмейтінін біле тұра, өз өкілеттіктерін «А» ЖШС-нің мүдделерін қолдау мақсатында пайдалана отырып, 2023 жылғы 29 наурызда қайталама жиналыс өткізіп, нәтижесі бойынша барлық 4 лот «А» ЖШС аукциондарына жіберу туралы шешім қабылданды.
Конкурс қорытындысы бойынша бағаны барынша төмендеткен «А» ЖШС жеңімпаз деп танылды.
Осылайша, қызметтердің жалпы құны 2,7 млрд теңгеден астам сомаға төмендетілген. (ҚК 365-бабы)
Сонымен қатар, К., «ӨМГ» АҚ мен «АМСК» ЖШС арасында жасалған сорғы және компрессорлық құбырларды жалға беру туралы шарт талаптарының орындалуын тексермей және қадағаламай, орындалған жұмыстар туралы актілерге қол қойып, 21 749 456 млн.теңге сомасындағы жалдау ақысын төлеуден ұстау шараларын қолданбай салғырттық танытқан.
Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, сарапшылардың қорытындыларымен, кепіл хаттарымен, атқарылған жұмыс туралы анықтамалармен, шот-фактуралармен және басқа да іс материалдарымен дәлелденді.
Өз кінәсін мойындамаған азаматқа сот жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталушының кішкентей балаларының болуын және тұрғылықты мекен-жайы мен жұмыс орындарынан оң мінездемесін ескеріп,  К.-ны,  ҚК-тің 371- бабының 2-бөлігі, 365-бабының 3-бөлігі 2-тармағы, 58- бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, оны өмір бойы мұнай-газ саласындағы коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырып, оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ
Маңғыстау облысы
сурет шартты

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?