Сотты құрметтемегені үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ағымдағы жылдың 16 ақпанында Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында өзінің мінез-құлқына белгіленген арнайы талаптарды бірнеше рет бұзғаны үшін аз. С.-ға қатысты іс қаралды.
Сот отырысында анықталғаны, ҚР ӘҚБтК-нің 669 бабы 3 бөлігімен толтырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама лауазымды тұлғамен 15 ақпанда жолданған, сонымен қатар аз.С-ның сотқа қатысуы қамтамасыз етілген. Алайда аз.С. белгісіз себептермен сотты тоспай сот ғимаратынан кетіп қалған, қайта келгенде масаң күйде болған, істі мән-жайы бойынша қарауға кедергі келтірілгендіктен сот отырысы келесі күнге қалдырылған.
Сот отырысында аз.С. қандай себептерге байланысты сот ғимаратын тастап кеткенін айта алмады, сонымен қатар спирттік ішімдік ішкен фактін де жоққа шығармады. Сот аз.С.-ның іс-әрекетін сотқа құрметтемеушілік көрсету деп танып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындады.
Қаулы заңды күшіне енді.
Шығыс Қазақстан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?