11 наурыз күні Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қ.Бишімбаевқа қатысты іс бойынша алдын ала тыңдалым басталды.
Алдын ала тыңдалым ашық режимде өтуде. Бұл туралы Астана қаласы  сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Заңнама талаптарына сәйкес, сот процеске қатысушылардың (сотталушылардың, жәбірленушілердің, олардың қорғаушыларының, прокурордың) отырысқа қатысуын қамтамасыз етуге міндетті.
Отырыс өтетін залға қатысуға ниет білдірген барлық қатысушы сыймады.
Сол себепті, процеске қатысушылардың көптігін ескере отырып, қосымша тағы 2 зал (БАҚ өкілдері және басқа да қатысушылар үшін) жабдықталды.
Бұл залдарда қажетті жабдықтар орнатылып, отырыс тікелей эфирде көрсетіліп жатыр.
Ақпаратты жедел алуға мүмкіндік жасалған.
Астана қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?