Анасы өзінің жаңа туған балаларын сатқаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылғаны жөніндегі үкімге апелляциялық  келтірілген шағым, Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы,  Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты,  сотталған 5 адамның қылмыстық ісін қайта қарап,  бірінші соттың үкімін өзгеріссіз қалдырылды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады, Атырау облысы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 5 сотталғанға қатысты үкімін апелляциялық тәртіпте қайта қарады.
Сот үкімімен сотталушы С.А. адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, бірнеше рет дәрменсiз күйдегі кәмелетке толмағандар саудасымен айналысқаны, сондай-ақ, бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Р.Б., Р.Г., И.Б. және У.А. — адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, дәрменсiз күйдегі кәмелетке толмағандар саудасымен айналысқаны үшін ҚК-тің 55-бабының 4-бөлігін қолданумен шартты түрде 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Іс фабуласы
Сотталушы С.А. жүкті бола тұра, өзінің материалдық жағдайын жақсарту мақсатында, өзінің баласын дүниеге келген соң сататын болып, отбасылық жұп Р.Б. және Р.Г.-мен сөз байласқан.
Ақша қаражатын бергеннен кейін отбасылық жұп баланы өздерінің отбасына алған.
Уақыт өте келе, С.А. қайтадан жүкті болып, бөтеннің мүлкін алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен жымқыруға қылмыстық ойы туындап, басқа екі отбасылық жұпқа баланы белгілі бір соммаға сатуға уәде берген. Алайда, олардың ақшасын алып, ізін суытқан.
Нәтижесінде жәбірленушілерге 2,3 млн. теңге залал келтірілген.
Осы уақытта сотталушы С.А. өзінің баласын дүниеге келген соң сататын болып, басқа отбасылық жұп И.Б. және У.А.-мен сөз байласқан.
Отбасылық жұп бала дүниеге келгенше сотталушы С.А.-ның шотына ақша аударып отырған.
Бала дүниеге келген соң И.Б. және У.А. оны өз отбасыларына алған.
Отбасылық жұптар Р.Б., Р.Г. және И.Б., У.А. жаңа туған балаларды ақшаға сатып алып, әкелікті анықтап, балалардың туу туралы куәліктеріне өз аттарын жаздырған.»- сот алқасында қайта қаралып, анықталған.
Алқа, аталған қылмыстық істегі сотталғандарға оқылған үкімнің күшін жойып, ақтауды сұраған  сотталғандар және адвокаттардың апелляциялық шағымдарын қанғаттандырудан бас тартып, апелляциялық шағымдарды зерделей келе, сот үкімін өзгеруге немесе оның күшін жоюға негіздер таппаған. Осыған байланысты, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші саты сотының үкімі өзгеріссіз, апелляциялық шағымдар қанағаттандырусыз қалдырды.
Атырау облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?