Сотталғанның жазасы ауыстырылды. Бұл туралы Сәтбаев қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді,
Сәтбаев қалалық сотымен Сәтбаев қалалық пробация қызметінің сотталған «А.»-ға қатысты бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсыныс хаты қаралды.
Сотталған «А.» Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық сотының үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106 бабы 1 бөлігімен 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау орнатылып, жылына 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылған.
Пробация бақылау барысында сотталған «А.» бірнеше рет жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын қасақана бұзып, әкімшілік құқықбұзушылық жазаға тартылып, сондай-ақ, Сәтбаев қалалық пробация қызметі тарапынан жүргізілген профилактикалық әңгімелесулер мен ескертулерге құлақ аспаған. Жаза өтеу тәртібі мен шарттары туралы жазбаша ескертіле тұра, бірнеше рет тіркелуге келмеген, мекен-жайын тексеру барысында үйінде болмаған, сондай-ақ, жылына 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тарту туралы соттың жүктелген міндеттерін орындамаған.
Қазақстан Републикасы Қылмыстық кодексінің 44 бабы 3 бөлігіне сәйкес, бас бостандығын шектеуді өтеуден қаскөйлікпен жалтарған жағдайда, оның өтелмеген мерзімі бас бостандығын шектеудің бір күні үшін бас бостандығынан айырудың бір күні есебімен бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.

Сот отырысында сотталушы «А.» толығымен жаза өтеудің тәртібі мен шарттарын бұзғандығы туралы фактілерін мойындады.
Сот, іс құжаттарын зерделеп, Сәтбаев қалалық пробация бөлімінің ұсынысын қанағаттандырып, «А.»-ға қатысты бас бостандығынан шектеу түріндегі жазасын 2 жыл 10 ай 8 күн мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырды.
Сот залынан сотталушы дереу қамауға алынды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Ұлытау облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?