Түркістан облысының прокурорлары жұмысқа орналастыру саласында бюджет қаражатын жымқырғанын анықтағаны туралы Түркістаны облысы прокуратурасы жариялады.

Түркістан облысының прокуратурасы Жетісай ауданы Атамекен ауылы әкімдігі мен жұмыспен қамту орталығында 24 млн теңгеден астам жымқыру схемасын анықтады.

Жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері адамдарды қоғамдық, оның ішінде жастар практикасы шеңберінде жұмыстарға жалған тартып отырған.

Жұмыссыз мәртебесін алған 30-дан астам адам іс жүзінде қандай да бір қоғамдық жұмыстарды орындамаған және бұл туралы білмеген.

Лауазымды тұлғалар жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтарды заңсыз шығарған және ай сайынғы жалақыларын «Қазпошта» АҚ мен банктердегі шоттарына аударып, кейіннен басқа тұлғалармен қолма-қол ақшаға айналдырған.

Орталық пен әкімдік қызметкерлері өздерінің туыстары мен таныстарын құжат рәсімдеу арқылы қоғамдық жұмыстарға тартқан.

Облыс прокуратурасы материалдарды ақпаратты есепке алу кітабында тіркеді және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыру үшін аумақтық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне тапсырды.

Түркістан облысы

сурет шартты

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?