Өзбекстан судьялары делегациясының Алматы қалалық сотына сапары туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі жариялады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бастамасы бойынша Алматы қалалық сотында Өзбекстан Республикасы Жоғары Сот органының өкілдерімен кездесу өтті.
Шетелдік әріптестердің осы сапары қазақстандық сот жүйесінің әкімшілік сот ісін жүргізу саласындағы тәжірибесін зерделеуге деген ықыластан туындады.
Делегация құрамы – Өзбекстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Дилмурод Каримов, Өзбекстан Республикасы Жоғары судьялар кеңесінің судьясы Ихтиер Хакимов, Жоғары судьялар кеңесі жанындағы Жоғары судьялар мектебінің әкімшілік құқық кафедрасының меңгерушісі Батыр Самарходжаев, Навои облыстық әкімшілік сотының төрағасы Акмал Муродов, Өзбекстан Республикасы Жоғарғы Сотының чот төрелігі саласындағы заңнаманы талдау департаменті басшысының орынбасары Шербек Назаров.
Кездесуге Өзбекстандағы GIZ жобасының жетекшісі Кристоф Копецки, Өзбекстандағы GIZ жобасының Ұлттық үйлестірушісі Санжар Назаров, Қазақстандағы «Орталық Азиядағы құқықтық мемлекеттілікке жәрдемдесу» GIZ жобасы компонентінің жетекшісі Алмат Ғаббасов қатысты.
Қазақстан тарапынан ҚР Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Аслан Түкиев, ҚР Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының судьясы Ирина Калашникова, Алматы қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мейірбек Байгелов, сондай-ақ Алматы қ. бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот төрағасының м.а. Тұрсыналы Төлегенов, қалалық соттың және Алматы қ. бойынша МАӘС судьялары қатысты.
Алматы қалалық сотының төрағасы Асқар Смайлов кездесуде шетелдік әріптестерін оңтүстік мегаполистегі сот жүйесінің жұмысымен, енгізіліп жатқан жобалармен және жаңа IT-әзірлемелермен таныстырып, құттықтау сөз сөйледі. ҚР Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Аслан Түкиев 2021 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан ӘРПҚ шеңберінде жария-құқықтық қатынастар саласында туындайтын дауларды шешудің ерекшеліктері туралы айтып, шетелдік судьяларға Қазақстанның әкімшілік әділет жүйесі жөніндегі презентациясын ұсынды.
Кездесу барысында тараптар өз елдеріндегі азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың сот жүйесіне деген сенімін нығайту жөніндегі мақсаттар мен міндеттердің ортақтығын ескере отырып, тәжірибе алмасуға және өзара тиімді ынтымақтастыққа мүдделілік білдіре отырып, сот төрелігін іске асырудың өзекті мәселелерін талқылады.
Шетелдік қонақтар қонақжайлылық үшін алғыс білдіре отырып, мұндай кездесулер бауырлас мемлекеттердің сот жүйелерін одан әрі дамытуға, құқық қолдану практикасын, оның ішінде әкімшілік әділет саласын да жетілдіруге серпін беретінін атап өтті.
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?