Жалған ақпарат хабарлағаны үшін сотталды. Бұл туралы  «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады Шымкент қаласы соттарына сілтеме жасап.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Т.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотталушы Т.-ға ҚК-нің 273-бабымен /дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау/ айып тағылған азаматтың ісі қаралып сот үкімі жарияланды.
Т. 2023 жылғы 09 наурыз күні түнгі уақытта Шымкент қаласының полиция Департаментінің жедел басқару Орталығының 102 номеріне қоңырау шалып, Шымкент қаласы, В.Терешкова көшесінде орналасқан дүкенге жарылғыш зат қойылғандығын хабарлағаны, сот барысында жинақталған құжаттармен өз дәлелін тапты
Сот, Т.-ы  ҚР ҚК-нің 273-бабымен қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны бойынша кінәлі деп танып, осы қылмысты алдын жасалған қылмыс бойынша жаза өтеу кезінде жасалғанын ескеріп, ҚК-нің 60-бабы 1,4-бөліктерін қолдана отырып түпкілікті 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады.
Үкім заңды күшіне енбеді.
Шымкент қаласы
сурет шартты

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?