Талдықорған қаласында полиция қызметкерлерінің адамдарды азаптау дерегі бойынша қылмыстық ісі қаралғаны туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Талдықорған қалалық сотының хабарлауынша, сотталушылар Т., А., Б., Е.-ге қатысты қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас, азаптау дерегі бойынша,  2022 жылдың қаңтарында Алматы облысының полиция қызметкерлері қаңтар оқиғасына қатысты деген күдікпен азамат С.-ны полиция бөлімінің әкімшілік ғимаратына әкелді. Айыпталушы Т., департаменттің дәлізінде қолы кісенде тұрған С.-ға арт жағынан жақындап келіп, бел аймағынан бір рет ұрған.
2022 жылдың 7 қаңтары мен 16 қаңтары аралығында сотталушылар А., Б., Е., Облыстық полиция департаментінің ғимаратында жәбірленушілер Ә., А., С., Ж., С., кінәсін мойындау мақсатында оларды қорқытып, сол арқылы жәбірленушілерге моральдық және физикалық зиян келтірген.
Сотталушы Т., кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкініп, жәбірленушімен татуласып, келтірілген зиянның орнын толтырды. Ал қалған сотталушылар яғни  А., Б., Е. кінәсін мойындамай, соттан өздерін ақтауды сұрады.
А. -ға ҚР ҚК-нің  146-бабының 1,2,3-тармақтары, ҚК 58-бабының 3, 6-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған 4 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру  жазасы тағайындалды.
Б.-ға ҚР  ҚК-нің  146-бабының 2-бөлігінің 1,2,3-тармақтары бойынша кінәлі деп танылды және оған 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Е. ге ҚР ҚК-нің 146-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Жетісу облысы
сурет шартты

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?