Жүрек тұсында тоғыз ай көтеріп жүрген баласынан айырылған ана, біздің «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігіне, мұңға толған көздерінен жасын төгіп, жандүниесін ақтарып сұхбат берді.
Шиелі ауданында тұратын, 8 баланың анасы Динара Шотанова тоғызыншы баласын өмірге алып келуге шақ қалғанда баласынан айырылып отыр. Оның айтуынша сегіз баланы дүниеге келтіріп, бірде- бір рет сырқаттанып, босану кезінде қиналмағанын, алайда осы тоғызыншы баласында ай күні жетіп, жарық дүние есігін ашудың алдында тұрған уақытқа дейін баласы сау, әрі тірі болып тұрған және баласының өлі туғанын айтып  етегін көзжасқа толтырды.
Ауруханаға келгім келмейді,  балам өлген соң көп жата алмай шығып кеттім. Себебі ауруханада жатсам, терезеден баламды көріп, іздей бастаймын. Мені іздеп, аурухана ішінде жылап жүрген сияқты болады. Мен бұл ауыр қазаны көтере алмай отырмын-деді Динара Шотанова
Балам мен босанғанға дейін сау еді- деген Динара Шотанова, ағымдағы жылдың 19- наурыз күні жедел жәрдем шақырып, су кеткені туралы шағымданған. Жедел жәрдем оны дереу аурухана жеткізіп, перзентхана бөлімшесіне алып барған. Алайда оны дәрігер тексеріп, балаға УЗИ жасап, баланың жүрегі соғып тұрғанын, босануға әлі ерте екенін айтып, «сенде су кетпеген, сен дәрет сындырып қойған  шығарсын», жақсылап толғатып кел»- деп, аудандық ауруханадағы бөлім меңгерушісі Ғалымжан Әшімов, Динара Шотанованы  үйіне қайтарған екен. Мен босанамын деп сезіктенген ана, амалы жоқтан үйіне қайтып кеткен. Ешқандай толғақ болмаған алайда ана өзінің босанатынын сезіп,  21- наурыз күні ауруханаға баруды жөн санап, тағы да жедел жәрдем көмегі мен перзентханаға жеткізілген.  Жүкті әйелге УЗИ талдауын  жасаған аққалаттылар баланың қимылдамай жатқанын, оның жүрек соғу сезілмей тұрғанын айтып, жүкті ананың есін шығарған. Мен тірі туатын шығармын деп дәрігерлердің сөзіне сенбей психологиялық соққы алған Динара Шотанова сол күні өлі босанған.

Құрсағынан айырылған ана, бөлім меңгерушісі Ғалымжан Әшімовты жұмыс уақтысында ішімдік ішіп жүргені туралы, және ол жүкті әйелдерден ақша алатыны туралы сөз етіп, осы жағдайды құзырлы органдар  тексерсе, каспи голдтан анықталар еді- дейді ол.
    Ал біз ақпарат агенттігі Ғалымжан Әшімовтан сұхбат алып, өзінің тарапына айтылған сөздерге айтарыңыз барма деп күттік. Динара Шотанованың сөздері расқой деді ме, әйтеуір сұхбат бермейтінін, сотта кездесеміз деп қабырғасы қайысып, балам деп боздаған анаға тіпті көңілде айтпай, камерадан бас тартып, тіпті кабинетінде жасырынып отырды. Бәлкім ананың бетіне қарауға ары жібермей, айтарға жұбатар  сөз, алдауға сылтау таппай үнсіз қалғаным дұрыс деп шешкен шығар. Дәрігердің ойын оқи алмасымыз анық.
Мүмкін абзал жанды Ғалымжан Әшімов, 2021 жылдың  желтоқсан айында, Қызылорда облысы Шиелі аудандық  ауруханасының дәрігерлері жаңа туған нәрестенің басын кесіп алғаны туралы ақпараттың өзіне бір зияны тиіп кетеді деп шошыды ма екен олда бізге белгісіз. 

 2022- жылы 12 бала өлімі, 2023 жыл қорытындысы бойынша 8 бала өлімі тіркелген екен аудандық ауруханада, 2024 жылы да бала өлімі тоқтамағанын ескеру керек…
Аудандық аурухананың бас дәрігері жұмыс орнынан табылмады. Бас дәрігердің орынбасары Гүлназира Сүлейменова өз сұхбатында дәрігер Ғалымжан Әшімовқа тағылған айыптарды жоққа шығарып, шаң жұқтырмауға тырысты. Алайда, дәрігер Ғалымжан Әшімовтың жұмыс уақытында ішімдік ішкені туралы және жүкті әйелдерден ақша алатындығы туралы журналисттерге шағым айтылған болатын. Енді бұл шағымдар құзырлы органдайрдың құзырына жолданады.

Сардар Әбдіжақия «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Қызылорда облысынан

жалғасы бар…

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?