Қазақстан Республикасы президенті Н. Ә. назарбаевтың «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық құжаттарын жүзеге асыру аясында, смонымен қатар, 2019 жыл «Жастар жылы» болып жарияланды. Осыған орай, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде облыстық «Өнерлі шоқ жұлдыздар» атты сәндік қолданбалы фестивалі- конкурсы ұйымдастырылды.

Бұл шараны ұйымдастырудағы басты мақсаты халықтық сәндік қолданбалы және бейнелеу өнерін насихаттау, жас таланттарды анықтап, қолдау көрсетіп, болашақта шығармашылық мамандықтарды дамыту болатын.

Байқауда облыс және қала мектептері мен шығармашылық орталық жастары қатысты. Мұнда Б. Момышұлы ауданындағы «Өнер мектебі», Байзақ ауданындағы «Өнер мектебі», Талас ауданындағы Майтөбе мектебі, мектеп гимназиялар №8, 12, 40, 41, 43, 46, 47, 48, 50, «Білім- инновация», «Мейрім» мектеп- интернаттар. «аспара» сән және сымбат, Абй атындағы гуманитарлық колледждері тағы басқалар.

Кафедра 2008 жылы құрылған болып, он жылдық тарихы бар. Кафедраны техникалық ғылымдар кандидаты, доцент Жаскиленова Айнұр Ермекқызы басқарып келеді.

Іс- шара аясында кафедраның «Кәсіптік және оқыту дизайн» кафедрасының шеберлік- сыныптары, атақты мамандардың дәрістері, «Кәсіптік оқыту» және «Дизайн» мамандығы студенттерінің шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде әр түрлі техникада орындалған: тасқа, шыныға көркем жазу, тоқыма, құыршақтар, жұмсақ ойыншықтар, фетрден жасалған бұйымдар, сәндік паннолар ұсынылған. Жаңа топтамалардың: «Ай- керім», «Салтанат», «Ханшайым» көрсетілімі ұсынылды.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі. Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?