Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың кезекті «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» Жолдауын түсіндіру мақсатында Жамбыл облысы Полиция департаменті Кадр жұмысы басқармасының бастығы полиция полковнигі Ержан Егембердиев «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалының жас буын қызметкерлерімен кездесті.

Е. Егембердиев дәріс арқылы филиал мамандарын жұмысы терең және сапалы өзгерістерге бағытталған ішкі істер органдарын жаңғырту ерекшеліктерімен таныстырды.

Бірінші кезекте спикер тыңдаушыларды құқық қорғау жүйесінің реформаларымен таныстырды. Кездесу барысында полиция полковнигі Е. Егембердиев енгізілген жаңғыртудың негізгі үш бағытын: ІІМ штаттық санын оңтайландыру, полиция қызметкерінің жаңа стандартын бекіту және полицияны бағалау өлшемдерін өзгертумен халықпен жұмыстың қазіргі заманғы форматтарын пайдалануды атап өтті.

Сөз соңында баяндамашы республикалық әлеуметтік сауалнама қорытындысы бойынша 4000 респондент қатысқан, сондай-ақ 60 пайыз қазақстандық полицияның жұмысына қанағаттанарлық баға бергенін атап өтті.

Дәріс тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды,ол туралы дәріскерге қойылған көптеген сұрақтар бойынша айтуға болады. Сондай-ақ барлық сұрақтар бойынша толыққанды жауаптар берілді.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?