ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қырғызстанға мемлекеттік сапармен келді. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин бүгін, 30 тамызда, Қырғыз Республикасына мемлекеттік сапармен келді.
ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен ҚХР-дың бірінші ханымы Пэн Лиюаньды «Манас» халықаралық әуежайында Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров пен бірінші ханым Айгүл Жапарова қарсы алды.
Әуежайда екі елдің мемлекеттік тулары желбіреп, салтанатты кілем төселіп, Құрмет қарауылы сап түзеді.
Қырғыздың ұлттық киімін киген қыздар қонақтарға қырғыз халқының қонақжайлығы мен ақжарқындығын білдіретін дәстүрлі тағамдар — бауырсақ пен бал ұсынды.
Салтанатты рәсімнің көркін әскери оркестр мен добулбасшылар ансамблінің өнері аша түсті.
Құрметті қонақтарды қомызшылар, би ұжымдары және дәстүрлі «Салбуурун» мәдениетінің өкілдері қарсы алды.
Рәсімде қырғыз халқының батырлық мұрасы мен рухының күшін бейнелейтін «Алп баатырлар» композициясына ерекше орын берілді.
Салтанатты бағдарлама әуежайдың VIP залында жалғасып, онда қонақтарды балалар хоры мен жас өнерпаздардың өнері қарсы алды.
Екі халық достығының ерекше нышаны ретінде балалар қырғыз және қытай тілдерінде музыкалық композиция орындады.
Қырғызыстан
![]()
