Бір сәтте бүкіл әлемнің назары Нью-Йоркке ауды. Ал сол алып шаһардың төрінде Қазақстанның көк туын желбіретіп, елдің атын әлемге тағы бір мәрте танытқан қазақтың қызы Елена Рыбакина тұрды.
US Open финалында қарсыласын жеңіп, чемпион атанған Рыбакинаның бұл жеңісі тек спорттағы кезекті жетістік емес. Бұл жеңіс Қазақстанның көк байрағын әлемдік аренаның биігіне көтерген ерекше сәт болды.

Ол алаңға шыққанда жалғыз өзі ойнағанымен, артында тұтас бір елдің үміті тұрды. Әр добы, әр жеңісі, әрбір қуанышты сәті қазақ жанкүйерінің жүрегіне жетті.
Ең қымбаты да осы. Әлемнің төрінде Қазақстан деген елдің аты аталып, көк туымыз желбіреп тұр.
Елена, сенің бүгінгі жеңісің талай жасқа жігер береді. Арманға адал болудың, еңбектенудің, қиындыққа мойымаудың үлгісін көрсеттің.
Қазақтың көк туын биікте желбіреткен қазақтың қызы, жеңісің құтты болсын!
Сенің жеңісің — елдің қуанышы.
Сардар Әбдіжақия

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *