Көлік саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты тағы бір қылмыстық іс тергеліп жатыр. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі прокуратураның үйлестіруімен Көлік министрлігі жүйесіндегі екі лауазымды тұлғаны ұстаған.
Тергеу нұсқасына сәйкес, ұсталғандардың бірі Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары болса, екіншісі Ақмола облысы бойынша көлік бақылауы инспекциясы басшысының орынбасары.

Олар рұқсат етілген салмақ нормаларынан артық жүк тиеген көліктердің кедергісіз жүруіне жағдай жасау үшін құқыққа қарсы әрекеттерге барды деген күдікке ілінген.
Тергеу мәліметтері бойынша, лауазымды тұлғалар кәсіпкерлерден 40 миллион теңгеден астам материалдық сыйақы алған.
Сот санкциясымен күдіктілер қамауға алынған. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.
Алайда қылмыстық істің нақты мән-жайлары әзірге толық ашылған жоқ. ҰҚК Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу барысына қатысты өзге ақпараттың жариялануға жатпайтынын мәлімдеді.
Бұл іс көлік саласындағы бақылау жүйесінде жемқорлық тәуекелдерінің әлі де бар екенін көрсетеді. Әсіресе ауыр жүк көліктерінің салмақ нормаларын бұзып өтуіне кім және қалай жағдай жасағаны тергеу нәтижесінде анықталуы тиіс.
Күдіктілердің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен ғана дәлелденеді.
“Астарлы ақиқат” ақпарат агенттігі

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *