Қазақтың айтыс өнері ғасырлармен қанаттасып, дәуірлермен үндесіп, заманымен тілдесіп келе жатқан кемелі өнер. Сөзді қиыннан қиыстыру кәнігі шеберлікпен алғырлықты қажет етеді. Сондықтан Қазақ ежелден «Өнер алды қызыл тіл» деп бекер айтпаған. Оған дәлел «Айтыс» бүгінгі руxани мәдениетіміздің ажырамас бөлігі.

Бүгін Таразда суырып салма ақынның бағы мен бабы қатар шапқан республикалық ақындар айтысы өтті.
Облыс әкімінің қолдауымен, Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «Жамбыл-менің жай атым, халық-менің шын атым» атты айтыс өңірімізде осымен екінші мәрте өтіп отыр.
Былтырғы жылы бастау алған жыр додасы 1846 жылы 28 ақпан күні дүние есігін ашқан жыр алыбы Жамбыл бабамыздың туған күніне орай жылда дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.
Осы дәстүрлі үрдіспен бүгін тағы тарихи қазынаға толы шаһарда керемет айтыс болды.

Айтысқа еліміздің әр аймағынан алты алашқа танылған атақты ақындар қатысты. Додаға бас-аяғы 20 ақын қатысып, 10 жұпты құрады.

Бұл сөз барымтасында от-ауыз, орақ-тілді ақындарымыз өңірдің тарихын, Тараз топырағының киесін, Жамбыл бабамыздың асқақ рухын, өлкемізден шыққан тарихи-танымды тұлғаларды жырға қосты

Айтысты елімізге белгілі ақын, журналист, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың екі мәрте лауреаты Жүрсін Ерман жүргізді.
Сондай-ақ ақындардың өнеріне иесі алты алашқа танымал айтыскер ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері Аманжол Әлтай (қазылар алқасының төрағасы), әнші, сазгер, Қазақстан және Қырғызстан Республикасының халық әртісі Алтынбек Қоразбаев, ақын, жазушы, «Ана тілі» газетінің бас редакторы Жанарбек Әшімжан, айтыскер ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Бауыржан Халиолла, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі Қайырбек Асанов, айтыскер ақын, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері Бекарыс Шойбеков, айтыскер ақын, Жамбыл атындағы «Руxаният» орталығының меңгерушісі, «Мәдениет саласының үздігі» Ахметжан Өзбеков сынды азаматтарымыз ақындардың өнеріне қазылық етті.

Аталған жыр додасының қорытындысына келер болсақ, ІІІ-орынды 4 ақынға Асxат Қылышбек, Қажымұxан Абзалов, Нұрлан Есенқұлов, Мұxтар Ниязовқа 300 мың теңге қаржылай сыйлық берсе, ІІ-орынды Шұғайып Сезімxан, Айбек Қалиев, Бауыржан Шаймердинұлына 500 мың тенге, І- орынды Қарағандылық Дидар Қамиевке 1 000 000 қаржылай сыйлық берілді. Ал бас жүлдеге тігілген автокөлікті Тараздық Қанат Мырзаxан жеңіп алды. 
Сондай-ақ додаға қатысқан қалған ақындарға ынталандыру дипломдарымен қатар 100 мың теңге қаржылай сыйақылар табыс етілді.

Мадияр Ералыұлы. Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?