Түркістан облысының прокуратурасында есірткі қылмысына қарсы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі мәселесі бойынша алқа мәжілісі өтті.
Жұмыс нәтижесі бойынша уәкілетті органдарға, оның ішінде ең бірінші полиция, кеден және шекара қызметтерінде тиімділіктің төмендігіне нұсқау жасалды.
Атап айтқанда, 2018 жылы есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты 680 қылмыстық іс тіркелген.
Полиция көрсеткіштерді жасанды түрде жоғарылатып, нәтижесінде әрбір екінші дерек ақталатын негіздермен қысқартылған.
Сонымен қатар, өткен жылы полиция героин контрабандасы бойынша бірде-бір деректі анықтамаған, алайда облыс аймағынан өткен​ 5 тұлға Ресейде ұсталған.
Алқа мәжілісінің қорытындысы бойынша қатысушыларға есірткі бизнесіндегі қылмыстық топтардың қызметіне тосқауыл қоюға нақты тапсырмалар берілді.
​Түркістан облысының прокуратурасы

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?