Түлкібас ауданының тамылжыған табиғаты алма мен қатар Грек жаңғағын өсіруге өте қолайлы аймақ. Грек жаңғағы өсетін тал өте ұзақ жасайтынына қарап, Кавказ елдерінде грек жаңғағын қасиетті деп есептейді. Грек жаңғағын физикалық тұрғыдан әлсіреген уақытта, қан азайғанда, жүйке жүйесінің ауруларында, жүрек ауруы мен асқазан ауруларына пайдалы. Ер адамдарды белсіздіктен қорғайтын қасиеті де бар. Ауруханадан шыққан кезді әлдендіру үшін де пайдалы. 
Бұрынғы мерзімдерде Түлкібас ауданында грек жаңғағы елді-мекендеріндегі үй-іргелік жер телімдерінде отырғызылып, өнім алынып келген. 2018 жылы ауданның ауылшаруашылық тауарын өндірушілірі 257,0 гектарға жаңғақ отырғызып, статистика басқармасының мәліметіне сәйкес, 2018 жылы аудан көлемінде 627,0 тонна жаңғақ өнімі жиналған. 
2019 жылы аудан аумағында қосымша 135 гектар жаңғақ отырғызу жоспарлануда. Алдағы уақытта өзінің тәті алмасымен танылған Түлкібас өңірі тек алма бау шаруашылығын дамытуда ғана емес, сонымен қатар жаңғақ шаруашылығын дамытуда ауқымды жұмыстар іске асыру жоспарлануда.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?