Бүгін Жетісай ауданы Атамекен ауыл округіндегі «Ықылас» шаруа қожалығы қырыққабат дақылының алғашқы 20 тоннасын Уфа қаласына жөнелтті. Диқандар бір келісін 210 теңгеден саудалауда. Мұндай баға соңғы онжылдықта болмаған дейді олар. 
Қожалық иесі — Рәтов Араб Ықыласұлының айтуынша, биыл 3 гектар жерге қырыққабат еккен. Оның 1,5 гектары «Кевин», 1,5 гектары «Фарао». Жалпы алғанда мұнда ақпан айының 10-ы күні 80 мың дана көшет отырғызылыпты. Жалпы Атамекен ауыл округінде биыл 300 гектар жерге қырыққабат егілген. 
Ресейге жөнелтілгелі отырған шаруа қожалығының жұмысымен танысқан аудан әкімі Жамантай Бейсенбаевтың айтуынша, биыл аудан шаруалары 77 мыңнан астам жерге егін екпек. Осы мақсатта Жетісай ауданында көктемгі дала жұмыстары қарқынды жалғасуда. Қазірдің өзінде 40 мың 310 гетар жер тырмаланып, 25 мың 851 гектар жер чизельденген. Енді бірер күнде мақта егу жұмыстары бастау алмақ. Болжам бойынша биыл жетісайлық диқандар 45 мың гектар жерге ақ алтын дәнін себеді.

(с) Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Суреттерді түсірген Қуаныш Әуелбеков

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?