2019 жылдың 12 ақпанында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру мекемесіне қарасты Тараз қалалық №15 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында Тараз қаласындағы №41, 28, 13, 42 орта мектеп оқушыларының қатысуымен ашық есік күні өтті. Аталған шараға шамамен 75 оқушы қатысты. Оқушылар ашық есік күнінде өрт сөндіру-құтқару техникаларымен, құтқару жабдықтарымен жалпы от жауынгерлерінің тыныс-тіршілігімен танысты. Одан әрі олар өрт сөндірушілердің тарихын қамтитын мұражайға бас сұқты. Өрт сөндіру мекемесінің аға инспекторы Жазира Аманбекова мұражайдағы тарихи құнды жәдігерлермен, Кеңестік дәуірде қолданылған өрт сөндіру-құтқару жабдықтары жайлы тереңірек таныстырды. Сондай-ақ мәжіліс залында оқушылардың назарына өрттің және төтенше жағдайдың алдын алу тақырыптарында бейнеролик ұсынылды. Тараз қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі Қайрат Оразбаев өрт туындай қалған жағдайда әрекет ету дағдылары бойынша ескертіп, шара соңында өрттің алдын алу ережелерімен таныстырып, жаднамалар таратты. Іс-шара соңында оқушылар естелік үшін суретке түсіп, ұйымдастырылған ашық есіктен ерекше көңіл-күймен қайтты.

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру мекемесінің Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?