Былтырдан бері құқық қорғау органдарының маған қарсы жала жауып, «қолдан коррупционер»жасау саясаты, ұсталмасам да»пара алу үстінде ұсталды» деп дүние жүзіне телехабар арқылы жалған мәлімет таратуы, ол болмай қалған соң «қолдан ұры» жасап түрмеге тығу саясаты, өкінішке орай, тоқтамады. Осыған дейін үндемедім. Шыдадым. Заң бар, бітер дедім. Бітпеді. Маған жаламен жабылған айып бойынша ӘлФараби аудандық полициясы іс қозғады. Адвокатым жоқ кезде, » осы қазір мойындамасаң, түрмеге жабамыз» деп қорқытып, мойындатты. Өтірік он үш миллион теңге ақшаны жеген болдым. Бірақ, әлгі ақшасы «ұрланған» мекеменің бізде ондай ақша жоғалған жоқ деген хаты роль ойнамады. Адвокатсыз зорлап мойындату есептелмеді. Заңсыз берілген үйқамақ қаралмады. Арыздарымызды тексермеді.Прокуратура мұның бәрін «байқамай» , адвокаттарым таныспаған тірлікті Әл Фараби сотына өткізіп жіберіпті. Міне, ертең сот. Сезіп отырмын, ертен мені түрмеге жаппақшы. Амалым қалмады.Қазақстан Республикасының президенті ТоқаевтанҚР бас прокурорынанҚР Жоғарғы Сот ТөрағасынанҚР парламенті депутаттарынанТүркістан облысы әкіміненТүркістан облысы депутаттар корпусынанПартияларданҚоғамдық бірлесіктерденАрдагерлер ұйымдарынанҚазақстан халқы АссамблеясынанБлогерлерденҚоғам қайраткерлерінен, қарапайым халықтанМаған араша түсіп, заңсыздықпен мені басып- жаншып жоқ қылу әрекетінен құтқаруларыңызды сұраймын.Бүкіл БАҚ өкілдерін, журналист әріптестерді, жаны ауырып араласам деген адамдарды ертең, сағат онда, Шымкент қаласы, Ескі Шахар, Бостандық көшесі 40-үйде болатын баспасөз мәслихатына шақырамын.

Мұхтар Мұхамбетжан.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?