Ақтау қаласы әкімінің тапсырмасымен көшпелі жиын өтті. Қала әкімінің орынбасары Дастан Бегендіковтың төрағалығымен өткен жиынға кәсіпкерлер қатысты. Жиын нәтижесі бойынша қала әкімінің орынбасары,14А және 15А шағын аудандардағы теңіз жағалауы қала әкімдігімен «Каспий» ӘКК АҚ ұзақ мерзімге Сенімгерлік басқаруға беру жұмыстары жүргізіліп жатқандығын жеткізді. Жағалау қала тұрғындары мен қонақтары демалып, серуендеуге арналған орын болғандықтан, аталған жұмыстар аяқталғанша 24 кәсіпкерге, 15 шағынаудан теңіз жағалауынан арнайы белгіленген жерден уақытша мерзімге рұқсат берілді. Яғни, әр кәсіпкерге жеке-жеке орын бөлінді. 
Жиын барысында кәсіпкерлерге салық төлеу үшін кассалық аппарат қолдану және санитариялық тазалықты сақтау маңыздылығы түсіндірілді. Сондай-ақ ойын машинкалары мен велосипедтердің санына шектеу қойылатыны да ескертілді. 
Бұдан бөлек, теңіз жағалауына тұрғындарды кәсіпкерлерден түбіртек талап етуге шақыратын тақтайшалар орнатылды. Бұл өз ретінде тұрғындардың тұтынушылық құқығын қорғауға және экономиканың дамуына септігін тигізбек.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Маңғыстау облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?