Көктемнің келуімен аудан аумағын көгалдандыру мақсатында әкелінген көшет қатары да арта түсті. Сауда-саттық орындарына әкелінген екпе ағаштары мен тұқымдық материалдар әр – қайсымызды назардан қалдырмасы анық. Егілуге әкелінген көшеттердің түрлері сан алуан, олардың ішінде саяжай аумағын көгалдандыру мақсатында егілетін тал-терек түрлері, гүлдер, бау-бақша дақылдары мен басқа да тұқымдар кездеседі. Шеттен әкелінген осындай көшеттердің міндетті түрде фитосанитарлық бақылау және қадағалауға жатады біріміз білсек, біріміз білмейміз.
Осыған орай, аудан аумағын карантиндік объектілермен бөтен текті өсімдік түрлерінен қорғау мақсатында әкелінген өнімдерді міндетті түрде тексерістен өткізу керек. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпан №344-1 «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының 12-бабына сәйкес мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау қадағалау объектілерінің бірі – себу мен отырғызылатын материалдар болып табылады. Шеттен келген өсімдік тектес өнімдер фитосанитарлық талаптарға сай болуы тиіс және фитосанитарлық немесе карантиндік сертификаттары болуы қажет. 
23 сәуір 2019 жылы бекітілген технологиялық құрлым бойынша ҚР АШМ АӨК МИК Сырым аудандық аумақтық инспекциясы өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы А.Кенесова мен ішкі істер бөлімі, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі мен «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының өңірлік филиалының қатысуымен ҚР әкімшілік құқық бұзшылық – кодексінің 400 бапты орындамаған жеке және заңды тұлғаларға, айыппұл салынатындығы жөнінде хабарламалар таратылып, түсінік жұмыстарын жүргізді.

ҚР АШМ АӨК МИК Сырым аудандық аумақтық 
инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы А.Кенесова

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?