Ресейлік «Моя Планета» телеарнасының түсіру тобы «Один день в городе» (Қаладағы бір күн) бағдарламасын түсіру үшін «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының шақыруымен Қазақстанға келді.

Бағдарламаның мақсаты – көрермендерге 1 күннің ішінде-ақ бейтаныс қаланың ең маңызды деген жерлерін көріп, сезінуге болатынын көрсету.

Бағдарламаның жаңа шығарылымдарында оның жүргізушісі, театр және кино актрисасы Зоя Бербер 24 сағат ішінде Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында не үлгеруге болатынын айтып, көрсетіп береді, және де ақша үнемдей отырып қалай өмір сүруге, саяхаттауға болатыны туралы кеңестерімен бөліседі. 

Түсіру тобы Алматы қаласында Медеу, Шымбұлақ, Көктөбе, Жаңа Арбат және Көк базарға, тіпті Үлкен Алматы көліне барып, түсірілімдерін аяқтады.

Қазір қонақтар астанада: бұл жерде Зоя Бербер алғаш рет қазақша ет дайындап, ауыз тиеді, екі қабатты туристік автобусқа мініп, «Нұр Әлем» және «Хан Шатыр» сауда және ойын-сауық орталығына барады, сондай-ақ «Астана Операда» концерт тамашалайды.

«Моя Планета» телеарнасында бағдарламаның екі шығарылымын көрсету теледидарлық жаңа маусымға жоспарланған.

Биыл Қазақстанда «Моя Планета» телеарнасының әр түрлі 3 бағдарламасын түсіру жоспарланған, оның ішінде «Мечтатели» (Арманшылдар) және «Планета на двоих» (Екеуге арналған планета) тәрізді танымал бағдарламалар. Телеарнамен мұндай келісімге биыл наурыз айында Қазақстанның Мәскеудегі MITT 2019 халықаралық туристік көрмесіне қатысу барысында қол жеткізілді.

«Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы Қазақстан туризмін шет елде насихаттау және туризм саласына инвестиция тарту мақсатында 2017 жылы құрылды.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

НҰР- Сұлтан қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?