Жедел медициналық көрсету станциясының бас дәрігері Гүлнәр Кұрманбекова басқарма басшысына орталықтың жұмыс барысын көрсетіп, жедел медициналық көмек көрсету бойынша көрсеткіштер туралы мәлімет берді.

Айта кетейік, қаладағы жедел жәрдем станциясы алғашқылардың бірі болып 100 пайыз электронды жүйеге көшкен. «103» нөміріне түскен шақыртуларды орталықтағы үлкен экран арқылы бақылауға болады. Осының арқасында шақырту қабылдайтын мамандар жедел жәрдем бригадаларына шақырту берілуін және бригадаларды шақыртуға бару жолын электронды түрде басқарып отырады.

Сондай-ақ басқарма басшысы жедел жәрдем көліктері мен техникалық жұмыстар барысымен танысты.

Жұмыс сапар соңында Асхан Байдувалиев халықтан түскен шақыртулар кезінде жедел медициналық көмек көрсету сапасын арттырып, мамандарға біліктілікті арттыру үшін тәжірбие шыңдау қажеттігін атап өтті.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?