Кәрім Мыңбаевты кім біледі?


Кәрім Мыңбаев

Түгін тартсаң май шығатын қайран бай Мойынқұм! Не жоқ бұл Мойынқұмда! Құдай Мойынқұмды ерекше жаратқанда, жерінің беті тұнып тұрған сексеуіл еді. Сексеуілге құдірет тас көмірдей күшті қызу берді. Сол қасиет өзінің соры болғандай еді.
Кезінде Кәрім Мыңбаев Мойнқұмның байлығына тәнті бола отырып, оның болашағына алаңдаған нағыз отансүйер азамат еді. Обалы не керек, ол ескертті: Егер осыдан осы сексеуіл топас жабайылықпен тонала беретін болса, онда көп кешікпей құм көшкіні басталады, деді Кәрім. Сусылдап құмды ұстап тұрған сексеуіл! Сексеуіл кетсе — құм көшеді. Сөйтіп, елді мекендерді, тіпті Әулиеата шаһарын да құм басып қалады деп ескертті.

Жол-жөнекей Мойынқұмның зәру мәселелерін алға тартқан Кәрім Мыңбаев негізгі нысана -Бетпаққа табан тірегенде ел мүддесін көздеген аса ірі ғалым ретінде алдына мынадай мақсат қойды. 
— Бетпақдаланы қалайда гүлдендіру керек. Адам баласының осы дүниедегі жұмақ-жәннәтына айналдыру керек. — Ол үшін ең керегі су. Бетпақты суландыру керек. Судың негізгі көзі: Ертіс, Іле, Шу, Талас, Сарысу, Сырдария, Балқаш! Ол — ол ма! Кәрім Мыңбаев Бетпақдаланың астында судың мол қоры бар екенің білген. Бетпақтың астындағы суды жүздеген құдықтар арқылы жердің бетіне шығаруды мақсат еткен. Кәрім Мыңбаевтың бұл болжамын кейінірек ғалым Уфа Аxметсафин қуаттап, Бетпақтың асты телегей теңіз деген жаңалық ашты. Уфа Аxметсафин осы саланың маманы. Ал, Кәрім Мыңбаев болса арнайы білімі жағынан агроном ғана ғой. Бетпақтың жерасты толған су екенің ол қайдан білген? Дарынды адамдар тек диплом бойынша алған білімімен тоқтап, шектеліп қалмайды екен ғой. Әйтпесе қазіргі уақытта иниститут, университет дегендер жүздеген, мыңдаған агрономдар оқытып жатыр. Қайда солардың шеттерінен ашып жатқан жаңалықтары?

Сол кездегі Жұмабай Шаяxметов, Нұртас Оңдасынов басқарған үкімет Кәрімнің жоспарын құптап, оң сапар тілеп зерттеуге шығыуға рұқсат беріп еді. Кәрім Мыңбаев бастаған экспедиция Бетпақдаланы 1947 жылдың жазында ары да, бері шарлап, зерттейді. Сөйтсе, «көкпектен басқа шөбі жоқ» дейтін Бетпақта неше алуан шөп өседі екен: Баялаш та осында, изен де осында, боз жусан да бар. Еркек, ақселеу, ебелек, күйреуік, теріскен, қараған, ақ ши… Тіпті тораңғы деген көлеңкесі көлдей, бұтақтары шаңырақтай ағаштар өсетінің қайтесің… Осының бәрің өз көзімен көріп, өз қолымен ұстаған Кәрім Мыңбаев: — Бұл Бетпақдала емес!Бұл Бақдала! — деп бар әлемге жар салды.

Кәрім Мыңбаевтың экспедициясы көптеген жаңалықтар ашып, үлкен табыстармен, алдағы зор жоспарлармен Алматыға оралмай ма. Сөйтсе сырнайлатып, кернейлетіп қарсы алу жоқ. Қуанышты құттықтаулар аса білінбейді. Бұл салқындықтың салдары мен себебі сөйтсе Мәскеуде жатса керек. Мәскеу сол кезде атом бомбасын дайындап, енді оны сынақтан өткізетін жер іздемей ме. Бүкіл Кеңес Одағынан Қазақстаннан лайық жер табылмайды. Ал Кәрімнің жаңалығы бұл сынаққа кедергі. Сондықтан 1948 жылы Кәрім Мыңбаевты Мәскеуге шақырып, Балқаштың үстінде әдейі қасағана тік ұшақты жарып жібереді де 1949 жылы Қазақ даласында алғашқы атом сынағын өткізе бастайды. Міне бұл жөнінде Бауыржан Момышұлының: -Иттер өлтірді оны! — деп тістенетіні сондықтан….

Мадияр Ералыұлының фейсбук парақшасынан алынды

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?