Түркістан облысы Полиция департаментінің Жедел жоспарлау басқармасының бастығы, полиция полковнигі Тажиев Әбдәлі Абзалұлымен

Сыр-сұхбат.

— Әдетте сыр-сұхбат туған жерден, алтын ұя мектеп өмірінен басталады ғой, өмірбаяныңызға зер салсам, қалада оның ішінде анау-мынау емес, Қазақстандағы халқы көп мегаполисте туылып, сонда орыс мектебінде оқып-тәрбиеленіпсіз. Тіл маманы ретінде байқағаным: қазақшаңыз орысшадан артық болмаса, кем емес. Мұны сұрап тұрғаным, орысша оқып, орысша тәрбиеленгендер қанша білдірмеуге тырысқанымен ң-ның орнына н-ны, қ-ның орнына к-ні дегендей, қазақтың төл дыбыстары қолданылатын сөзге келгенде орысшаға кете береді. Осының себебіне тоқтай кетсеңіз?

— Сұрағыңыз өте орынды. Кешегі Кеңес өкіметі заманында қазақ тілінің болашағы жоқ деген сылтаумен хаттың сыртына дейін орысша жазылмаса қабылданбады ғой. Оның үстіне қазақша мектеп санаулы болды, болса да кейбірі бірнеше ауысыммен баратын қаланың бір шетінде еді. Ең басты себебі, орыс тілін білмегендер қызметтен де лауазымнан да шетқақпай көруге мәжбүр болды емес пе?! Менің қазақтың тілін таза сөйлеуім ата-анама байланысты болды. Жазғы үш айлық демалыста қала маңындағы атамның аулына жіберетін, сол жерде ата-әжемнің тәрбиесін алып, ауыл балаларымен ойнап, қара сирақ боп, табанымды даланың ыстық топырағына күйдіріп өстім. Сондықтан екі тілді де еркін меңгеріп, қазақша айтқанда қатар «еміп» өстім деуіме болады. Бір тіл білсең бір адамсың, екі тіл білсең екі адамсың деген рас екен. Әсіресе, 1982-1984 жылдары Ресей Федерациясының Ленинград (қазіргі Петербург) Петродворец қалаларында, Балтық флотына әскери қызмет атқарғанда орыс тілін білудің көп пайдасы тиді. Жоғарыда айтқандай, мен Шымкент қаласында 1963 жылы дүниеге келіп, 70-80 жылдары сол қаладағы №30 Куйбышев, №12 М.Горкий атындағы мектептерден орта білім алдым.

— Азамат өміріндегі ең бір елеулі де маңызы зор кезең, еңбек жолың, олай болса өмірдің маңызы бар осы кезеңге де тоқтала кетсек?

— Менің полициядағы өмір жолым, 1985-1987 жылдары КСРО Ішкі істер министрлігінің Шымкент арнайы орта мектебін, Халықаралық Қазақ-Араб университетін бітіріп, заңгер мамандығын алдым. Ішкі істер органдарындағы қызметім 1985 жылдан басталған 1987 жылы Шымкент қаласында Еңбекші аудандық ішкі істер бөлімінде учаскелік полицей, 1996-1997 жылдары Еңбекші аудандық ішкі істер бөлімінде жедел басқару бөлімінің аға инспекторы, 1997-1999 жылдары осы бөлімде кезекші бөлімдерді басқару бойынша аға инспектор, 1999-2004 Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының Штаб бастығы, 2004-2007 жылдары Еңбекші аудандық ішкі істер басқармасының анықтау бөлімінің бастығы, 2007-2009 жылдары осы басқарманың Штаб бастығы, 2009-2013 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің Жедел басқару орталығы бастығының орынбасары, 2013-2016 жылдары ОҚО ІІД ЖЖБ бастығының орынбасары, 2017-2018 жылдары Жедел жоспарлау басқармасының бастығы, ал 2018 жылдың шілде айынан жаңадан құрылған Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бұйрығымен, Түркістан облысы Полиция департаменті Жедел жоспарлау басқармасы бастығы лауазымы сеніп тапсырылды.

— Әбеке, Құрани Кәрімнің хадистерінде: «Үш жыл тұрған мекенің-Мысыр шаһар» деген қасиетті сөз бар екен, үйренген жерден ауысу психологиялық жақтан қиын болған жоқ па?

— О, не дегеніңіз, жоғарыда айттым ғой: «Балтық флотында Әскери бөлімі қатарында қызмет еттім»-деп, содан қиын болып па! Отанның, Елдің болашағы үшін істелінетін тарихи шешімдер болады. Басқа жаққа бармай-ақ, кешегі, Алматыдан Астанаға көшкен Ұлы көшті алайық. Небір жақсылар мен жайсаңдар Президентіміз Елбасына еріп Ұлы көшке ілесіп, оған өз үлестерін қосты ғой. Мұны Елдің мүддесі дейді. Түркістан облысының құрылуын да осындай мүддеден туындаған тарихи шешім деп есептеймін және осы игі, тарихи іске үлес қосушылардың бірі болу несібесі бұйырғанына Құдіреті күшті Аллаға шүкіршілік, ал сенім білдірген Департамент бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Сұлтанбайұлы Дәлбеков мырзаға мың алғыс!-деймін.

— Осы уақыт аралығындағы ұлан-ғайыр міндеттерді орындау барысында әрбір қызметтің жемісі мен нәтижесі, жетістіктері мен кейбір «әттеген-ай» тұстары да болады, өйткені қарама- қайшылығы бар дүние ғой бұл. Қасиетті Құрани Кәрімде: «Адамның жақсы жағын көре біл»-десе, Қазақта: «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» — деген сөз

бар. Осы тұрғыдан келгенде еңбегіңнің бағаланып жатуы да бір мәртебе. Сол себепті осы тақырыпқа да тоқтала кетудің артықтығы жоқ, оның үстіне жастарға «ғибрат» деп түсінген дұрыс шығар. «Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға», -деп Хакім Абай атамыз айтқандай, осынау қызмет жолыңызда ұзақ та қиыны мен қызығы мол белестерден өттіңіз, өзіңізден кейінгі жас тәртіп сақшыларына қандай тілек айтар едіңіз.

«Жақсы тілек-жарым ырыс»-дейді ғой дана халқымыз. Осы уақыт аралығында міндеттерімді орындауда тиімділік пен адалдық көрсетіп, қызмет атқару барысында тапсырмаларды дер кезінде орындап, қарамағымдағы қызметкерлердің жұмысын дұрыс бағалап, әрі ұйымдастырып, жеткен жетістіктерім үшін, қызмет жолында 46 рет марапатталдым, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі тарапынан «Құрмет грамотасымен», 1-ДӘРЕЖЕЛІ, 2-ДӘРЕЖЕЛІ, 3-ДӘРЕЖЕЛІ және «Қазақстан Республикасына 20 жыл» Қазақстан Республикасына 25 жыл медальдарының, «ҮЗДІК ҚЫЗМЕТІ ҮШІН», «Ішкі істер органдары ардагерлері» төсбелгісінің иегері болдым. Сондай-ақ, 32 грамотамен, оның ішінде 7 рет Ішкі істер министрлігінен және 14 рет ақшалай марапатпен марапатталдым.

— Қызмет жолындағы ұстаздарыңыз бен тәлімгерлеріңіз туралы да айтып өтсеңіз. Өйткені жақсыдан үйрен, жаманнан жирен деп жатады ғой халқымыз.

— Ұзтаздарым: 1987 жылдары қызмет жолымда алғашқы күндерімнен бастап негізін қалаушы ұстаздарым, бүгінгі күнде өмірдегі ағаларым Кентаев Ынтымақ Жүнісұлы, Уралов Балтабай Анламасұлы және марқұм Есентай Мырзақұлұлы Әбдукаримовтерге өмірде тұлға болып қалыптасуыма қосқан үлестеріне тағзым етіп, алғысымды айтамын. Сондай-ақ, нағыз ұстаз, көптеген қызметкерлердің шынайы ұстазы, кәсіби шеберлігімді арттыруда қолдау көрсеткен, тәжірибелік көмегін аямай жетекшілік етіп келген Сержан Оразұлы Тұрсынбековтың орны бөлек, еңбегі мен үлесі мол, қазіргі таңда құрметті зейнеткер және қазіргі Шымкент қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы, еңбегінің жемісін көріп отырған абзал жан. Еңбек жолымда аудан деңгейінде Мамыр Нұрханұлы Нурханов, Нұрлан Сырбекұлы Каттабеков, Мурат Талапұлы Кабденов, Арман Молдиярұлы Оразалиев, Бектөре Жеңісбайұлы Сұлтан басқарған құрылымда қоян қолтық қызмет атқарып жетілдім, соңынан ішкі істер департаментінде Серімжан Төлеуұлы Досымов, Асқар Шуашұлы Оспанов, Жанат Қуанышұлы Сулейменов

жетекшілігінде шынайы қалыптастым, қазіргі таңда Қайрат Сұлтанбайұлы Дәлбеков басшылығында өз қызметтік міндеттерімді атқарып келемін. Еңбек жолымның 39 жылы, оның ішінде 35 жылдан астам уақыты ішкі істер органдары саласында сөзсіз талай шәкірттерді тәрбиелеп үлгердік. Атап айтқанда: Жұзбосын Оразбаев, Тимур Топишев, Қанат Сапарбеков, Қайрат Полатбеков, Жандос Истамбеков, Толыбай Нсанбаев, Алтай Сандыбай, Марат Паттаев, Асанхан Шымырбеков, Зафар Ташмухамедов, Айдос Бектасов және Бабыр Кентаев сияқты жастар өз әріптестерінің арасында жоғары кәсіби шеберлігімен танылып келе жатқанына марқайып отырамын, мақтан етемін. Шәкіртсіз ұстаз тұл болғаннан сақтасын!

— Енді халықты өзіңіз басқаратын басқарманың атқарар ісімен, атқарылған жетістіктерімен таныстырсаңыз, өйткені Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының да полиция алдына қойып отырған талабы мен міндеті осы емес пе?

— Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік және басқа да заңмен қорғалатын құпияларды сақтау;

— Тәулік бойы полиция кешенді күштері және КЖЖТ-ны жедел және сауатты басқару, қылмыстарды «ізін суытпай» ашу, жедел жағдай күрделенген және дағдарыстық жағдайлар кезінде оларды үйлестіру жеке құрамды жұмылдыру, барлық мемлекеттік органдар мен құқық қорғау қызметін дер кезінде хабарлау;

— Қылмыстар мен оқиғалар туралы келіп түскен хабарламалар мен өтініштерге уақтылы ден қою, азаматтардың қайта өтініш білдіруін болдырмау;

— Келіп түсетін жедел ақпаратты өңдеу сапасы мен уақтылығын қамтамасыз ету, оларды жоғары тұрған инстанцияларға дер кезінде беріп отыру;

— Қылмыстарды ашуда және әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауда сыртқы бейнебақылау камераларын қолдану тиімділігін бақылау;

— Өтініштер мен хабарламаларды қабылдау кезінде дөрекілік таныту туралы азаматтар шағымдарын болдырмау;

— Инстанцияларға Полиция департаментінің, басқа мемлекеттік органдардың тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпараттарды дер кезінде ұсыну;

— ПД Кезекші бөлімінің операциялық жоспарын жасауға, басқа да құқық қорғау және мемлекеттік органдармен бірлескен іс-шаралар жоспарына ұсыныстар дайындауға қатысу;

— Кезекші болған тәуліктің жедел жағдайы туралы мәліметтер дайындау;

— Қылмыстық құқықбұзушылық туралы ақпараттар мен арыздарды электронды түрде тіркеуді ары қарай жалғастыру, ерекше жағдайларды, сотқа дейінгі тергеудің біріңғай тізіміне енгізуді жүзеге асыру, сондай-ақ орын алған қылмыстық құқықбұзушылық туралы ақпараттарды департамент және басқарма басшылығына баяндауды жүзеге асыру;

— Күнделікті электронды АЕК-на тіркелген құжаттардың мерзімдеріне қадағалау жүргізу және кемшіліктер туралы басшыларға баяндау;

— Басқарманың жеке құрамы мен жеке басының, қызметтік-әскери тәртібін және сыбайлас жемқорлық сипатында заң бұзушылық жасамауын, үнемі бақылау жасау болып табылады.

— Әрбір атқарылған жұмыс өз нәтижелерімен бағаланады, енді әңгімені өзіңіз айтқан міндеттердің нәтижесіне, атқарылған жұмыстар туралы халыққа баяндай кетсек.

Облыс бойынша 2019 жылдың 5 айында «102» телефон арнасына -35 619 (ө.ж.-29 814) қоңырау тіркелген. Яғни 5 805 хабарлама артық тіркелген.

Ал, тәуліктік жедел ақпаратқа 5 436 (ө. ж. – 15 166) қылмыстық құқықбұзушылықтар тіркелген. Көрсетілген мерзімде тәуліктік жедел ақпаратқа тіркелген қылмыстардың 4 116 (ө.ж.-10 118) кезекші тәулікте ашылып 75,7 (ө.ж.-66,7) пайызды құрады.

ҚР ІІМ-нің 2019 жылға арналған стратегиялық жоспарына сәйкес, ІІО-ның жұмыс бағыттары бойынша негізгі көрсеткіштерге жету (индикатор көрсеткіші) міндеттелген. Оның ішінде, бейнекамералар көмегімен анықталған қылмыс және әкімшілік құқықбұзушылықтардың үлес салмағына талдау, саралау жұмыстарына жүргізілген талдау қорытындысы бойынша есептік мерзімде 5 601 (ө.ж. 4 294) әкімшілік құқықбұзушылық және 29 (ө.ж-10) қылмыс бейнекамералар көмегімен анықталды.

Облыс көмегінде жалпы 24 048 (ө.ж.-22 343), оның ішінде: қылмыс жасағаны үшін 5 773 (ө.ж.-4 959), әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 5 601 (ө.ж.-4 294) тұлға ІІО-на жеткізілген.

— Қоғам да өмір де бір орнында тұрмайды, үнемі жетілу, даму үстінде болады, оның үстіне мынау дамыған технология заманында бұл заңды құбылыс. Қызметтік жұмыстарды жетілдіру саласындағы жұмыстардың кейбіріне тоқталып өтейін, кейбірі деп отырғаным, сұхбат көлемі көтермейді ғой, қорыта айтқанда, төмендегідей қызмет атқарып келеміз.

— «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында Полиция департаменті тарапынан Түркістан қаласында Жедел басқару орталығы құрылып, штаттық бірліктері жасақталды.

— ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы №827 қаулысымен бекітілген «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының Түркістан облысы бойынша қоғамдық және жол қауіпсіздігі саласындағы цифрландыру бөлігінде талаптарын орындау мақсатында, Полиция департаменті қолда бар инфрақұрылымды техникалық жаңғырту, қазіргі заманғы байланыс және бақылау құралдарын жетілдіру, сатып алу бойынша мақсатты жұмыстар жүргізіліп, 2019 жылы көшелерде, базарларда, сауда орталықтарында және азаматтар көп шоғырланатын өзге де орындарда ІІО Жедел басқару орталығына қосылатын 6 бейнебақылау камераларын орнатып, қосымша 25 дана бейнебақылау камераларын орнату жоспарланып, бюджеттен 586 мың теңге қарастырылды.

— Бейнебақылау жүйелерін біріңғай орталыққа қосу үшін, Жедел басқару орталығын аппараттық-бағдарламалық кешенімен қамтамасыз етуге 131 506,0 мың теңге қаржы қаралды.

— Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев:

— «Полиция әрқашанда ашық болуы тиіс. Ол үшін қоғаммен диалог қажет. Полицейлермен байланыс біріншіден, халықтың 102 саll орталықтарға хабарласуларынан басталады»,- деп айтқан сөзін негізге ала отырып, Жедел басқару орталығының «102» операторымен күнделікті тәрбиелік мәні бар жұмыстар жүргізіп, азаматтардың хабарламалары мен өтініштерін қабылдау кезінде жоғары мәнерлік таныту қажеттілігі айтылып қосымша сабақтар өткізілуде. – 112 бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметін құру, Полиция департаменті Жедел жоспарлау басқармасы жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасасу арқасында 112-бірыңғай кезекші-

диспетчерлік қызметті құру, проблемалық мәселелерді зерделеу, оларды шешу жолдары, сондай-ақ тиісті ұсыныстарды пысықтау жөніндегі іс-шараларға қатысып, 2019 жылдың 1 маусымынан бастап пилоттық жобаны іске асыру жұмыстарын жүргізу барысында Түркістан ҚПБ Жедел басқару орталығының «102» операторы бөлінді.

Күнделікті қызмет бабында басқарма қызметкерлеріне, оның ішінде өсіп келе жатқан жас ұрпаққа айтарым, бүгінгі күннің талабы-қызметкерлерден пысықтықты, ұғымдылықты, жинақтылықты, өмірді талдап ақ-қарасын, жағымды, жағымсызын ажырата білуді, тәртіптілікті, алғырлықты талап етеді. Әр бір қатардағы қызметкердің және офицердің өте сауатты, әділ де адал және өзі қабылдаған шешіміне тайсақтамай, сенімді болуы тиіс деп сенеді. Офицердің адамгершілігінің, ар-намысы мен абыройының мәні осы деп таниды.

Қазақстан Республикасының заңнамаларын «ҚР Мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексін». Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңын және Еңбек кодексін, ІІМ-нің бұйрықтары мен нұсқаулықтарын және басқа да нормативтік құжаттарды өз деңгейінде және күнделікті қызметінде басшылыққа ала отырып, іскерлік беделін өзінің лайықты басшы ретінде танытып және жеке құрамынан заңды түрде талап етіп келемін. «Әрбір қызметкерім, әріптестерім мен шәкірттерімнің, Отан алдында берген анттарына адал болуын, атқарып отырған қызметтеріне жоғары бедел мен абырой тілеймін»,-дейді білікті басшы.

Балтакесті Өтебеков-Қазақстан журналистер

одағының мүшесі

Түркістан облысы полиция депаратаменті

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?