Жер жүзін жаулаған індет, біздің елдің де табалдырығынан өтіп, халқымызға зиянын тигізді. Оңай емес. Біз бұл қиындықтарды, ауыз біршілік пен ғана жеңе аламыз. Күш- бірлікте-деген мақал босқа айтылған емес қой бауырлар. Өкінішке орай, қаншама қазақ бауырларымыздың өздері бұл індетке жеңіл көз қараста екенін байқап жүрмін. Сенбейтіндері бар. Мемлекет басшылары, қолдан, әдейі жасады- деген сорақы сөздер де әлеуметтік желіде жазып жатқанын байқап жүрмін. Жер жүзін жаулаған жаман індетті, біздің мемлекет қолдан жасады- деген дұрыс түсінік емес! Осы індеттің өзі мың шақты адамға жұғып, он шақты баурымызды өмірі мен қош айтысуға мәжбүрледі. Науқастарға шипа, қалғандарға ұзақ өмір, өткендерге иман берсін- деп тілеймін. Алайда қоғамда қозғалып жатқан мәселе көп. Соның бірін алатын болсақ, бұл сот жүйесі мен адамдардың арасында дау. Дау мен адамдар арасындағы түсініспеушілік баяғыдан бар құбылыс. Пендешілік қой. Деген мен адамның адамға жаны ашымаса, адамға аңдардың жаны ашымайтыны анық!
Соттасу! Мемлекетімізде соттарға қашықтан сот отырстары, камералар арқылы мүмкіндіктер де жасап жатқаны жалған емес. Мүмкіншіліктер қарастырылып жатыр. Бірақ айтыңызшы құрметті оқырман, соттасқанда да, соттаспай татуласқанда да бұйырған болмыс орындалатыны анық қой. Сіз сотқа бердіңіз делік, сот отырысы болды, екі тарап бір-біріне өкпесі қалмаса, қарым-қатынасы бұзылмаса, екі арада өкпе, реніш қана қалады. Ал, енді сол арадағы дауды, мемлекет тарапынан қолға алынған медиация жүйесі мен, немесе үлкен, баяғы заманның қазылары, ақсақалдары секілді, үлкен адамдар арасында, шешіп, қайтадан татуласуға не кедергі айтыңыздаршы?

Соттассаңызда, соттаспасаңызда, сол бір мәселе өз шешімін табады ғой. Соттасқанда тек екі адамның арасына сызат қана түскені болмаса, пайдасы жоқ! Оның үстіне қазіргі карантин кезінің өзінде де соттасып жатқан қаншама адамдарды көріп, халқымыз арасында мейірім кеткен екен ғой- деген ой қалыптасты маған. Дәл қазіргі кезеңде, соттасатын уақыт емес екенін ескеріп, ең болмағанда карантин аяқталғанша сабыр сақтайық ағайын. Соттасқанша, татуласайық, кешірімді болайық. Жоқтан бар етіп жаратқан Алла кешірімді, пендесі тас жүрек болғаны жарамас бауырлар?! Соттасып, өмір бойы ренішпен өткенше, татуласып, қуаныш пен сыйласып өмір сүріп өтейік халқым!

Сардар Әбдіжақия

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?