АДАМДАР, МЕН СІЗДІ ІЗДЕДІМ…
(Есік алдына шыққандағы бір сәттік ой)

Қолына ұстап ап ала доп,
Көшеде жүгірген бала жоқ,
Қайдасың?
Мен бүгін нала боп,
Адамдар, Сіздерді іздедім.

Қонағым келмейді-ау шақырған,
Таңым жоқ той тойлап атырған,
Үйдегі көз тігіп шатырдан,
Адамдар, мен Сізді іздедім.

Жұптасқан ғашықтар қайдасың?
Көрінші мен жүрген жайда шын,
Шық басып көңілдің айнасын,
Шарқ ұрып мен Сізді іздедім.

Мектеп те қаңырап бос қалды,
Сағындым сыныптас достарды,
Шет қойып әдеткі жоспарды,
Адамдар, мен Сізді іздедім.

У-шуы тарылтпас демімді еш,
Ұжым да кейіпте көрінбес,
Бір жартым екенсіз бөлінбес,
Адамдар, мен Сізді іздедім.

Мешітім жолатпас маңына,
Ол дағы мұң болды-ау жаныма,
Мен бүгін құлазып қамыға,
Адамдар, Сіздерді іздедім.

Базарым бар еді тыныс-құт,
Ол жақ та мүлгіген тыныштық,
Шыжыған бір кезде күн ыстық,
Адамдар, мен Сізді іздедім.

Кешегі қадамы құттыңыз,
Қол жетпес жандар боп шықтыңыз,
Қоғаммен екен-ау мықтымыз,
Адамдар, мен Сізді іздедім!

Жаңалық естігім келмейді,
Мың күйге салады-ау мендейді,
Сағыныш жүректі кернейді,
Адамдар, мен Сізді іздедім!
Санжар Ғұлама

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?