Бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметов 1-Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған мерекелік думанға қатысты. Тараз қаласындағы Ы.Сүлейменов атындағы көше мен «Жастар» саябағында өткен мерекелік шараға тұрғындар мен қала қонақтары көптеп жиналды.
Онда өңірімізді мекен ететін түрлі этномәдени бірлестіктердің атсалысуымен мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып, жиналғандарға тамаша көңіл-күй сыйлады. Қазақ, орыс, украйн, өзбек, ұйғыр, дүнген, түрік, корей ұлттарының өнерлі өкілдері өз ұлттарының салт-дәстүрлері мен болмыстарын айшықтайтын шағын сахналық көріністер көрсетіп, баршаны татулық пен бірлікке үндейтін ән-биден шашу шашты. Ұлттық тағамдар ұсынылды.
Өңір басшысы барлық этномәдени бірлестіктердің өнерін жоғары бағалап, жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ арнайы ұйымдастырылған ұлттық ойындар жарысын, «Білім» алаңындағы «Ынтымағы жарасқан, туған өлке-Қазақстан» атты концерттік бағдарламасы мен театрландырған көріністі көпшілікпен бірге тамашалады. Асқар Исабекұлы жиналғандарды мерекемен құттықтап, бірқатар этномәдени бірлестіктерді марапаттады.
Айта кетейік, бірлік күніне орай ұйымдастырылған мұндай мерекелік шаралар облыстың барлық аудан орталықтарында да өтіп, өңір тұрғындарына ерекше әсер сыйлады. Облыс бойынша, мерекелік шараға барлығы 15 мыңнан аса тұрғын қамтылды десек, Тараз қаласы бойынша 5000 мыңнан аса адам мерекелік думанның куәсі болды. Бұл шараларда барлығы 500-ден аса өңір өнерпаздары өнерлерін ортаға салса, облыс орталығындағы мерекелік шарада көрініс көрсетіп, ән-биден шашу шашқан өнерпаздардың саны – 300-ді құрайды.

Біржан Сартбек фейсбук парақшасынан алынды

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?