Сұлтан Бейбарыс алаңында өткен концерттік бағдарламаны тамашалауға мыңнан астам көрермен жиналды.

Атырауда Қазақстан халықтары бірлігі күніне арналған мерекелік шаралар басталды. Сұлтан Бейбарыс алаңындағы концерттік бағдарлама мыңнан астам көрерменді жинады. Мереке қонақтары үшін жергілікті 500-ге жуық әртіс өнер көрсетті.

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев құттықтау сөзінде ел аумағында өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстардың бірлігі мен келісімі арқасында Қазақстанда бейбітшілік салтанат құрып тұрғанын атап өтті.

-Қазақстанда 130, біздің облыста 20-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. Елбасының дана саясатының арқасында Қазақстан бүкіл әлемге дінаралық, конфессияаралық саясаты жоғары дамыған ел ретінде танымал. Біз бұл үлгі мен тәжірибені қазақстандықтарға аманаттауымыз керек,-деді өңір тұрғындарына Нұрлан Ноғаев.

Мерекелік шаралар ҚР Ұлттық гвардиясы ансамблінің концертімен жалғасты.

Бүгін сағат 20.00-де Атырау тұрғындары мен қонақтары үшін аймақтағы шығармашылық ұжымдар мерекелік концерттік бағдарлама ұсынады.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Атырау облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?