Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! 
Қазақ халқында «Бірлік болмай – тірлік болмас» деген мақал бар. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз мәңгі болуы үшін ең алдымен мықты татулық және тұрақтылық керек. 
Тұңғыш Президентіміз, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев елдің ынтымағын нығайту бағытында өте ауқымды жұмыстар атқарды. Елбасы бастамасымен құрылған Қазақстан халқы ассамблеясы бүгінде ел бірлігінің ұйытқысы, рухани құндылықтардың қайнар көзіне айнала білді. 
Ынтымағы жоқ елден – ырыс, бірлігі жоқ елден – береке қашады. Оны өз ішінен бүлінген мемлекеттердің тағдырынан көріп келеміз. 
Тұрақтылық пен даму үрдісін таңдаған Қазақстан сыртқы саясатта да бейбітшілік ұстанымын биік қоя білді. Түрлі қақтығыстар болып жатқан елдердің мәселесін бейбіт жолмен шешу келіссөздерін Нұр-Сұлтан төрінде өткізу әлемдік дәстүрге айналды. Әлемдік қауымдастық ресми Нұр-Сұлтанның маңызды бастамаларын жоғары бағалайды. 
Тарихы терең, ата-баба дәстүрін жалғаған Түркістан облысының жұртшылығы да тәуелсіздіктің арқасында биік шыңдарды бағындырып келеді. Қазіргі таңда өңірімізде ауқымды құрылыс жұмыстары қолға алынып, қайта жаңғыру және жаңару үрдістері жүріп жатыр. 
Бұл жетістіктердің барлығы бірлік пен еңбектің жемісі деп білемін. 
Мемлекет құраушы ұлт – Қазақ халқы ежелден-ақ бауырмалдық пен мейірімділікті, жомарттық пен ынтымақты өмір салтына айналдырған. Этносаралық және конфессияаралық түсіністік пен татулық елді дамуға бастайтынын біздің халық жақсы біледі. 
Бүгінде жүзден астам этнос өкілдерін бауырына басқан өңірімізде 11 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Олар Қазақ елінің дамуына, Түркістанның гүлденуіне үлес қосуды парыз деп санайды. 
Қазақта «Бағалағанға бақ қонады» деген қанатты сөз бар. Біздің бағымыз да, барымыз да – Тәуелсіз Қазақстан! Азаттық көктен түсе салған сый емес. Ол – бабалардың қанымен, ерлігімен келген ұлы бақыт. 
Кезінде Түркі елінің ұлы қайраткері Күлтегін «Тату елге тыныштық пен тоқшылық нәсіп» деген екен. Ендеше бірлікті ту етіп, Қазақстанды, тұғырлы Түркістанды дамытуға үлес қосайық, ағайын! Бірліктің мерекесі құтты болсын! 
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ ШӨКЕЕВ

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?