Елордада жыл сайынғы Қазақстандық жаһандық инвестициялар бойынша «Kazakhstan Global Investment Roundtable» форумы өтті (KGIR-2019). Бұл үлкен шараға биыл алғаш рет Маңғыстау облысы да қатысты. 
Маңызды инвестициялық жиында 1100-ден астам ірі әлемдік және қазақстандық компаниялардың басшылары, халықаралық сарапшылар, мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың өкілдері басқосты. Олардың қатарында 600 ден астам 41 елден келген қонақтар, сондай-ақ «Cisco», «Nokia»», «CITIC Bank Corporation», «WILO SE Group», «AGCO Corporation», «Valmont Industries», «Tyson Foods», «Yildirim Group» және өзге ірі компаниялардың топ-менеджерлері болды.
Форум аясында облыс әкімі Ералы Тоғжанов Жапония, Қытай, Корея, Түркия, Франция елінен келген 10-ға жуық шетелдік жетекші компаниялардың өкілдерімен келіссөздер өткізіп, газ-химия саласында Маңғыстау облысының әкімдігі мен «Westgasoil» компаниясы (Сингапур) метанол және олефиндерді өндіру бойынша жобаны жүзеге асыру ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. 
Өңір басшысы қол қойған тағы келісім шетелдік компаниялардың қатарында көлік және тасымалдау саласында өзіндік орны бар «Shanghai Ace Investment group» корпорациясы. Шанхайлық компанияның өкілдері «Ақтау Теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында жүк қоймасының құрылысын бастауға құлшыныс танытуда. 
Сонымен қатар, ынтымақтастық жөніндегі маңызды келісімнің келесісі — Ақтау мен Ляньюнган қалалары, Құрық пен Ляньюнган порттары арасында жасақталды. Қазақстандық жаһандық инвестициялар жөніндегі форум аясында шетелдік инвесторлармен жалпы сомасы 2 млрд. АҚШ долларын құрайтын келісімдерге қол қойылды.
Форум барысында Маңғыстау облысында жаңа жобаны қолға алып, іс бастау үшін көптеген мүмкіндіктер қарастырылғанын атап өткен аймақ басшысы Ералы Тоғжанов, инвесторларды өңірде қазба байлықтарын игеру, ауыл шаруашылығы, туризм секілді салаларда әріптестік орнатуға шақырып, әкімдік тарапынан кез-келген инвесторға қолдау көрсетілетініне сендірді.

Нурганим Имашева фейсбук парақшасынан сілтеме жасап «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Маңғыстау облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?