Аумақтық департаменттің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасымен, Маңғыстау облысының полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының акт залында басқарманың басшылық және жеке құрамы, қала аудандардағы көші-қон қызметтері бөлімдерінің жауапты қызметкерлері қатысқан жұмыс жиналысы өтті.
Аталған жиынды департамент қызметкерлері ашып, ішкі істер органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына, басқармада және қала аудандарда 2019 жылы жүргізілген профилактикалық бақылау нәтижелерімен берілген бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалысы туралы тоқталып өтті.
Жиынға қатысушылар мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде туындайтын нормативтік-құқықтық актілердегі коллизиялардың, ақпараттық жүйелердегі орын алатын ақаулар және тағы басқа мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, департамент қызметкерлерінің мардымды жауаптарын алды.
Бұған қоса, осы салаларда қызмет алушы болып табылатын Қазақстан Республикасы азаматтарымен бірге, шетел азаматтарымен азаматтығы жоқ адамдарға тұрақты тұруға рұқсат беру, еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар берумен оларды ұзарту, азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер және ҚР тұрақты тұратын шетелдіктердің тұруына ықтиярхат беру кезінде қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, сапалы және анық ақпарат ұсына отырып көрсетілуі керектігі тапсырылды.
Сонымен қатар,ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және Маңғыстау облысы полиция департаментінің ресми интернет ресурсында кеңінен насихаттау ескертілді. 
Жиналыс қорытындысымен, аталған мәселелер бойынша басқарма басшылығы тарапынан қатаң бақылауға алынатынын атап өтті.

Маңғыстау облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?