Достар, қуанышты жаңалықпен бөліскім келіп отыр.

Естеріңізде болса, осыдан біраз күн бұрын пленарлық отырыста ҚР Ауыл шаруашылығы министрі С. К. Омаровқа депутаттық сауал жолдағанмын.

Бүгін Парламенттік тыңдауда сол «Сыбаға» бағдарламасы бойынша көтерген мәселеміз оң шешімін тапты.

Яғни, екі апта көлемінде бағдарламаға өзгертулер мен толықтырулар енгізілетін болады.

Алдағы уақытта «Сыбаға» бағдарламасы аясында тек қана шетелден әкелінген мал басы емес, сонымен қатар отандық асыл тұқымды ірі-қараларды сатып алу субсидияланатын болды.

Бұл біздің ортақ жеңісіміз. Біздің комитет мүшелеріне, бағларламаның кемшіліктері туралы өз ойларын жазған барша оқырмандарға бұл мәселеге бей-жай қарамағандары үшін алғыс айтамын.

Сонымен қатар, іскерліктері үшін, қарапайым фермерлер мен депутаттардың айтқандарына дер кезінде құлақ асып, қажетті шараларды қолданғандары үшін Ауыл шаруашылығы министрлігіне және Министрдің өзіне рақмет айтамын.

Бүгінгі жиында ауыл шаруашылығына байланысты тез арада шешімін табу қажет басқа да өзекті мәселелер айтылды.

Қысқасы, алдымызда атқаратын жұмыстар өте көп.

Сондықтан, жазыңыздар, пікір білдіріңіздер, мәселені ортаға салыңыздар-деп жазады, өзінің фейсбук парақшасында Нуржан Альтаев

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Нұр- Сұлтан қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?