Түркістан облыстық сотының төрағасы Талғат Баратбеков Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің ректоры Болатбек Әбдірасыловпен кездесті.

Кездесу қатысушылары  білікті судьялар корпусын құру бөлігінде Елбасының Қазақстан халқына жолдауын іске асыруға бағытталған сот жүйесіндегі жаңашылдықтарға жете  тоқталды.

Іс-шарада өңірдегі соттар мен білім беру мекемелерінің өзара іс-қимыл жасасу, атап айтқанда, бірлескен білім бағдарламасы арқылы бәсекеге қабілетті мамандар даярлау мәселелері қаралды. 

Сондай-ақ облыстық сот судьяларының қатысуларымен теория және құқық қолдану практикасы бойынша семинарлар, конференциялар, дәрістер мен шебер-кластар өткізу туралы мәселесі  де сөз болды.

Осыдан кейін облыстық сот төрағасы универститеттегі профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттер үшін дәріс оқыды. 

Т.Баратбеков оқу орнының студенттеріне арнап жеке дәріс өткізді, онда сот жүйесін одан әрі жетілдірудің басты бағыттары туралы айтып, азаматтар үшін ыңғайлы және қолжетімді ету мақсатында, сот қызметін түбегейлі оңтайландыруға бағытталған «Сот төрелігінің жеті түйіні» бағдарламасын іске асырудың барысы туралы ақпаратпен бөлісті.    

Т.Баратбеков студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Іс-шара соңында Б.Әбдірасылов оқытушылар мен студенттердің атынан облыстық сотының төрағасына қызықты дәрісі үшін алғысын білдірді және алдағы уақытта ынтымақтастықта болуға ниет танытты-деп жазады Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі

Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?