FlyArystan лоукостері Алматыдан Шымкентке алғашқы рейсін ұшырды.
Шымкент әуежайында қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «Эйр Астана» авиакомпаниясының президенті Питер Фостерді күтіп алып, еліміздегі бірінші бюджеттік авиакомпанияның жұмысына сәттілік тіледі.

— Еліміздің үшінші мегаполисіне арнайы келген Питер Фостер мырзаға зор алғысымды білдіремін. Және шын жүректен алғашқы рейстің сәтті қонуларымен құттықтаймын. Бұл қала тұрғындары мен қонақтарына үлкен мүмкіндік береді деген ойдамыз. Өйткені біздің қаламыз арқылы көршілес облыс пен Өзбекстан Республикасының азаматтары ұшады. Билет жетіспеушілігі сезілетін. Ендігі арзан бағамен оңтүстік астанаға ұша алады. Әуекомпанияның алдағы жұмыстарына сәттілік тілеймін, — деді қала басшысы.

Бұдан былай аталмыш бағыттар бойынша заманауи 180 орынды Airbus A320 әуе кемелері күнделікті қатынайды.

Алматыдан Шымкентке қатынаған бірінші рейс лық толып, оның біраз билеті ең минималды тарифпен, яғни 10 000 теңгеге дейінгі бағамен сатылған. Осы арада, қазіргі уақытта саяхаттарын 26 қазанға дейін жоспарлап отырған жолаушылар әуекомпанияның ресми сайтынан билеттерді белсенді түрде брондап жатқанын байқауға болады.

«Шымкент – еліміздің республикалық маңызға ие мегаполистеріне айналған ірі қалалардың бірі. Сол себепті FlyArystan-ның келуінен кейін жергілікті халық қажеттіліктеріне сай алтын уақыттарын үнемдеп, лоукостермен сапар шегуді таңдайды деген сенімдемін», — деп атап өтті Шымкентте журналистермен өткен кездесуде Эйр Астана компаниясының президенті Питер Фостер мырза.

Естеріңізге сала кетсек, оңтүстік астанадан шырайлы Шымкентке орындалатын рейстердің ең төменгі билет құны 4999 теңгеден басталса, сапардың ұшу ұзақтығы 1 сағат 20 минут болмақ. FlyArystan барша жолаушыларға әуекомпанияның сайты flyarystan.com-да жарияланған тариф ережелерімен мұқият таныс болуды сұрайды.

Фото: Серик Косаев

#АКО_Шымкент

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?