Ақмола облыстық соты болашақ заңгерлерді — сот жүйесінде жұмыс істейтін білікті кадрларды даярлау үшін  Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетімен бірлесіп облыстық сотта университеттің филиалын ашты.

Осы филиалдың негізінде практикалық сабақтарды өткізу, сондай-ақ студенттер мен магистранттардың «Заңтану» мамандағы бойынша кәсіби практикадан өтуі үшін әдістемелік кабинет жұмыс істейтін болады.

Филиалдың ашылу құрметіне Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісі Данияр Сапарбек  Ш. Уәлиханов атындағы КМУ-дің өкілдерімен кездесіп, кейбір ұйымдық мәселелерді талқылады.

Кездесуге университеттің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Темірхан Жарқынбеков, тарих, заңтану, өнер мен спорт факультетінің деканы Ақбота Бексейітова, заңтану кафедрасының меңгерушісі Қанат Әбдилов, Мансап орталығының жетекшісі Марден Байдалин мен облыстық соттың судьясы Алтын Шойынбекова қатысты.

Д. Сапарбек соттың университетпен ынтымақтастығының негізгі мақсаты кадр әлеуетінің сапасын арттыру және сот пен КМУ арасындағы меморандумның шеңберінде жаңа форматтағы заңгер кадрларды қалыптастыру екенін айтты. «Облыс соттары практикалық саабақтарды ұйымдастыруға, біліктілікті арттыруға, студенттердің өндірістік және диплом алдындағы практикасын өткізуге көмектесуге, ғылыми-практикалық әдебиетті, ақпараттарды, оның ішінде сот жүйесіндегі өзгерістер мен жаңалықтар туралы ақпараттарды өзара алмасуға дайын», — деді ол- деп жазады Ақмола облысының облыстық соты баспасөз қызметі

Ақмола облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?