Қарағанды облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Шәріпов салтанатты түрде   облыстық Октябрь аудандық сотында фронт-офисі мен Татуласу орталығын ашты.

Іс-шара судьялардың, жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің, медиаторлар мен адвокаттардың қатысуларымен өтті.

Сөз алған, Н.Шәріпов фронт-офис сот жүйесіндегі жұмыстардың ашықтықтың жаңа белесіне бағытталғанын атап өтті. «Сот қызметі, кез келген мемлекеттік органдағыдай, халықтың нақты сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған. Мұны ашық, жылдам және сапалы орындау аса маңызды. Адам уақытының ең аз мөлшерін шығындап және барынша көп нәтиже алуы тиіс. Осыдан көбіне халықтың сотқа деген сенімі арта түсуі ықтимал. Осы міндеттерідің басымын фронт-офис шешуі қажет» — деп санайды облыстық сот төрағасы.

Бұл жерде консультанттар жұмыс істейді, олар келушілердің барлық сұрақтарына жауап беруге дайын. Фронт-офисі хай-тек стилінде ресімделген: тартымды ақшыл түстегі ашық кеңстікке баурайды.   Онда үш: ақпараттық орталық, кіріс кеңсесі және өзін-өзіне қызмет көрсету зона бар.   

Күту залы келушілер үшін ыңғайлы, ұйымдастырушылық техникасымен жасақталған. Медиатор мен адвокат кабинеттері бар, олар осы жерде тұрақты түрде болады, Татуласу орталығы бар.

Келушілер «Сот кабинеті» қызметтерін, WI-FI,  гаджеттерге арналған қуаттардыру құрылғыларын еркін пайдалана алады.

Осы күні облыстық сотта келушілер үшінарнайы жаңартылған холл таныстырылды. Бұл жер де халыққа қызмет көрсетудің заманауи стандарттарына сәйкес жасалып, онда  ыңғайлы креслолар қойылған күту залы бар,  QR-код орнатылған- деп хабарлайды Қарағанды облысы сотының баспасөз қызметі

Қарағанды облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?