Жақып Асанов әріптестеріне арнаған кезекті үндеуінде Елбасы алға қойған үш басым міндет: судьялардың кадрлық құрамын жақсарту, сот процестерін ақылға қонымды етіп жүргізу, судьяларды керексіз жүктемелерден босату туралы хабардар етті.

Осы мақсатпен 15 заң қабылданды: оның ішінде 6 заң қазір қолданылуда, 3-еуі Парламентте, 6 заң жобасы Мәжіліске енгізілетін болады.

Қабілет-қарымы мол заңгерлер осы уақытқа дейін судья болуды қаламай келді. Олар осы орайда іріктеудің ашық жүргізілмейтінін, мансаптық өсу кезінде жеке пікірдің басым болатынын, жүктеменің шамадан тыс көптігін және әлеуметтік қолдаудың талапқа сай еместігін алға тартқан еді. Осы түйткіл мәселелердің бәрі бүгінгі таңда шешілді.

«Судьялыққа кандидаттарды бұл күнде қатаң іріктеу күтіп тұр. Олар кейстік міндеттерді шешеді, сондай-ақ эссе жазады, Жоғарғы Сот судьяларының алдында әңгімеден өтеді, психологиялық тестті тапсырады және басқа да талаптарды орындайды. Осының нәтижесінде егер бұрын конкурста әрбір төртінші үміткер жеңсе, енді әрбір жиырмасыншы адам өтеді. Осылайша өздерін көрсете алмайтын әлсіз адамдардың жолына тосқауыл қойылды. Енді конкурстар мемлекеттік органдар мен бизнестің заңгерлерін күтеді», — деп есептейді Ж. Асанов.   

Осы және өзге де шаралар судьялар корпусындағы кадрлардың тұрақсыздығын тоқтатты. Егер осы уақытқа дейін өз еріктерімен судьялық қызметтен кететіндер көп болса, енді судья болып жұмыс істегісі келетін адамдардың саны көбейді. Судьялардың жеке жауапкершіліктері артты. Бұған дейін жыл сайын түрлі себептермен жылына 6-7 судья жұмыстан шығарылса, 5 айдың ішінде ғана 20 судья жұмыстан босатылды.

Бұрын бір жылдың ішінде судьяларға қатысты бір немесе әрі кеткенде екі қылмыстық іс қозғалса, осы жылдың өткен 5 айы ішінде 7 судьяға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«Мамыр айында құрылған Сапа жөніндегі комиссия «жоғарылағысы» келетін адамдардың кәсіби және әдептік жағын «сүзгіден өткізіп» қарайтын болды. Комиссия әрбір бесінші судьяға жаңа талап бойынша баға беретін болады. Жұмысында кемшіліктерге жол беретін судьялардың енді осы тексеруден өтуі екіталай. Олар, сөз жоқ, жұмыстан шығарылатын болады», — деп жазылған үндеуде, деп жазады, жоғарғы оттың баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтан қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?