Семейде жанжалдасушы тараптармен келіссөздер жүргізуге машықтануға арналған семинар-тренинг өтті.

Татуластыру бойынша шеберлік сабағын Халықаралық құқық қорғау орталығының жетекшісі, Қазақстан медиаторлар ассоциациясының бас директоры, кәсіби медиатор Жанділда Жақыпов өткізді.

Оның атап өткеніндей, Кеңестің барлық мүшелерінің бай өмірлік тәжірибесі бар. Дегенмен, жанжалды жағдайлардың әрқилы болатынын ескере келгенде оларға тараптарды татуластырудың заманауи әдіс-тәсілдерін меңгеру қажет болады.

Тренинг барысында билер қатысушылары ерлі-зайыптылар, туған-туыстар мен көршілер болып табылатын әлеуметтік-тұрмыстық дауларды тиімді шешу жолдарын зерделеді. Билер соты қызметінің заманауи тәсілдері мен әдістерін қолданып, дауларды шешу жөнінде келтірілген мысалдар қатысушылардың қызығушылығын тудырды.

Өзара тіл қатысуды тең дәрежеде жүргізуге, татуластыру рәсімдерін сақтауға ерекше назар аударылды. Сөз сөйлеу шеберлігін дамыту, тараптардың өмірлік көзқарасын өзгерту, жанжалдасушы тараптардың «әлді» және «әлсіз» жақтарын тап басып таба білу мәселелері де пысықталды.

Семей Билер кеңесінің төрағасы Шаған Жұмақсанов жүргізілген семинар-тренингтің тиімділігін атап өтті.

Тренингтің қорытындылары бойынша билер кеңесінің мүшелеріне оқытудан өткендері туралы сертификаттар тапсырылды деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы сотының баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?