Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева «Инвестициялық сот ісін жүргізуді одан әрі жетілдіру» деген тақырыпта «дөңгелек үстел» өткізді.

Форумды Жоғарғы Сот ABA ROLI Американдық заңгерлер қауымдастығының өкілдігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Оның жұмысына судьялар, Халықаралық Кеңестің мүшелері, мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП-ның, инвесторлардың,  құқықтық және бизнес қоғамдастықтың, инвестициялық сот төрелігінің анағұрлым өзекті мәселелері бойынша халықаралық сарапшылардың өкілдері қатысты.

Форумды аша отырып, А. Қыдырбаева инвестициялық сот ісін жүргізуді дамытуда, инвестициялық климатты жақсартуда, экономиканы тұтастай дамытуда бір серпінге айналатындығына сенімін білдірді.

АҚШ-тың Төтенше және Өкілетті Елшісі Уильям Мозер «дөңгелек үстелге» қатысушыларды құттықтай келе, ҚР Жоғарғы Сотымен өзара ынтымақтастықтың жемісті екеніне тоқталды. Осы қарым-қатынас сот жүйесінің әлеуетін одан әрі нығайту жөніндегі бағдарлама шеңберінде өрістей түсуде. Осы орайда заңнаманың өзекті мәселелері бойынша халықаралық сараптамалар ұсынылуда. Елші мырза Қазақстандағы инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту үшін өзара іс-қимылды дамытудың маңыздылығын атап өтті. 

Форум шеңберінде келісімшарт міндеттемелерін орындау және экологиялық дауларды қарау проблемалары туралы Жоғарғы Соттың және Нұр-Сұлтан қ. сотының судьялары Жанна Ермағамбетова, Гүлжан Әлмағамбетова және Гүлнар Әбдірахманова сөз сөйледі. Галле-Виттенбергск университетінің профессоры, құқық докторы Азер Алиев және Нью-Йорктың шығыс округының судьясы Элизабет Стонг инвестициялық дауларды шешудің халықаралық тәжірибесімен бөлісті. Инвесторлардың құқықтарын мемлекеттік органдармен дауларда қорғау мәселесі бойынша өз пікірін «Атамекен» ҰКП Басқармасы төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов айтып берді. Экологиялық даулар туралы, инвесторлар үшін әлеуетті қатер ретінде «Шеврон» корпорациясының Еуразия бөлімшесінің басқарушы құқықтық кеңесшісі Жұмагелді Елубаев сөз сөйледі.

Инвесторлар үшін заңнаманың тұрақтылығының маңыздылығы туралы «Бейкер және Макензи — Си-Ай-Эс, Лимитед» компаниясы филиалының директоры Куртис Мастерс және «ҚазБар» Қазақстанның коммерциялық заңгерлері қауымдастығының Басқарушы Кеңесінің төрағасы Айгүл Кенжебаева өз ойларын айтты.

Форумның екінші сессиясына қатысушылар экологиялық және инвестициялық құқық ара қатынасының халықаралық тәжірибесі ерекшеліктерін талқылады.

Конструктивтік диалог орын алды. Форумға қатысушылар талқыланған тақырыптар бойынша тиісті ұсынымдарды пысықтады.

«Біздің барлығымызды жалғыз бірыңғай мақсат біріктіреді, ол азаматтардың, бизнестің инвесторлардың біздің сот төрелігіміз бен мемлекетке деген сенімі. Біздің ұсынымдарымыз туындайтын дауларды шешуде, бизнес-климатты жақсартуда бірыңғай тәсілге айналатындығына сенімдімін – деп А. Қыдырбаева қорытындылады-деп жазады жоғарғы сот баспасөз қызметі

Нұр- Сұлтан қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?