Түркістан облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен «Қазақстан полициясы күніне» 27 жыл толуына орай салтанатты шара өткізілді. Салтанатты жиын 2-бөлімнен тұрды. Оның алғашқысы «Жеңіс саябағында» өтті. Онда қиын да қауіпті қызмет бабында қаза тапқан батыр полицейлерді еске алып, даңқ мемориалына гүл шоқтарын қою, полиция қызметкерлерінің ант қабылдауы, сонымен қатар ардагерлерімізді марапаттау рәсімдері болды.

Бұл шараға Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков, аппарат жетекшілері, полиция департаментінің жеке құрамы, ішкі істер органдарының ардагерлері, қызметтік міндеттері орындау кезінде қайтыс болған полицейлердің жақындары мен туған-туыстары және басқа құрметті қонақтар қатысты.

Тәртіп сақшылары қайтыс болған қарулас жолдастарын еске алған бір сәттік үзілістен соң, жас полицейлер ант берді. Арнайы даярлық және жұмылдыру басқармасының тәртіп сақшылары қылмыскерлерді ұстау кезіндегі іс-қимылдарын көрсетіп, жиналғандарды өздерінің мықтылығымен тәнті етті. ТО ПД бастығы полиция генерал-майоры Қ.Дәлбеков пен ТО ПД Ардагерлер кеңесінің төрағасы О.Жанқожаев полицейлерді мерекелерімен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді. Осылайша, облыс полицейлері қызмет атқарып жүріп, мезгілсіз өмірден озған әріптестерінің есімін салтанатты шерумен ұлықтап, еске алды.

Қала орталығында орналасқан Жеңіс саябағында жоғары деңгейде өткен іс-шара одан әрі қалалық мәдениет үйінде жалғасты.

Мерекелік іс-шара барысында өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгендері үшін: ҚР ІІМ тарапынан 15 полицейге түрлі дәрежедегі марапаттар ұсынылса,ТО ПД-нің бастығы, полиция генерал-майоры Қ.Дәлбеков 30-дан астам полицейді грамотамен, 40-қа жуық қызметкерді алғыс хатпен марапаттап, 50 тәртіп сақшысына алғыс жариялады.

Сонымен қатар, облыс әкімінің алғыс хатымен 7, мәслихат атынан 5, Нұротан партиясы тарапынан 14, Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ атынан 3 полицейге алғыс жарияланды. жедел қызметтегі жоғарғы нәтиже Сондай-ақ марапатталғандардан бөлек, Департамент бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбековтің бұйрығымен кейбір полицейлердің тәртіптік жазалары алынып тасталды.

Облыстық Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков тәртіп сақшыларын кәсіби мерекелерімен құттықтап, барлығына мықты денсаулық, бейбіт өмір, отбасына береке, қызметтеріне толағай табыс тіледі.

Салтанатты іс-шара соңы дарынды полицейлер мен облыстық эстрада жұлдыздарының мерекелік концертіне ұласты.

Түркістан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?